27 шілде. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 27 шілде күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
79 жыл бұрын (1946) қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның халық қаһарманы, әлемнің 256-ғарышкері және КСРО-ның 72-ғарышкері Тоқтар Оңғарбайұлы ӘУБӘКІРОВ дүниеге келді.
Қарағанды облысында туған. 1969 жылы Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін, 1979 жылы Авиация институтын бітірген.
Еңбек жолы: 1962-1965 жылдары Теміртау құйма-механика зауытында токарь болды, есімі облыстың Құрмет кітабына алтын әріппен жазылды.
1969-1975 жылдары Кеңес Одағы Әскери-әуе күштерінің Қиыр шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары болды.
1975-1976 жылдары Мәскеу ұшқыштар-сынақшылар мектебін, Мәскеу авиация институтын бітірді.
1976-1992 жылдары Мәскеудегі А.Микоян атындағы Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы міндеттерін атқарды. 1988 жылы Кеңес одағында тұңғыш рет әуеде ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады. 1989 жылы 1-болып, авиатасушы крейсердің алаңқайшасына «МиГ-29к» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды. Сондай-ақ, ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды.
1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал туған аймағы бойынша ғылыми-зертуған жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ, Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспан астрофизика бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті. 1991 жылы 10 қазанда Жерге оралды. Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық даярлығын зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.
1992-1993 жылы ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары болды.
1993-1994 жылы ҚР Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директоры — Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары, 1994-1995 жылдары ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты — Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды. 1996 жылдан ҚР Президентінің кеңесшісі лауазымын атқарған.
2001 жылы № 44 Қызылорда сайлау округі бойынша ҚР Парламентінің мәжілісіне депутат болып сайланды. Қызылорда қаласының құрметті азаматы.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланған.
77 жыл бұрын (1948) композитор, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Төлеген Мұхамеджанұлы МҰХАМЕДЖАНОВ дүниеге келді.
Семей облысы Бесқарағай ауданының Бөген ауылында туған.
1969 жылы Семей пединститутын бітіріп, осы қаладағы педагогтік училищеде оқытушы (1969-1973) болды, Алматы мемлекеттік консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консер-ваториясы) бітірді.
1980-1982 жылдары Мәскеу консерваториясында ассистент-стажер болып, 1982-1986 жылдары Алматы консерваториясында педагогтік қызметпен айналысты. 1987-1988 жылдары Қазақ академиялық опера және балет театрының директоры. 1990-1992 жылдар «Азия дауысы» халықаралық байқауының директоры, 1992-1996 жылдары «Мәдениет арқылы бейбітшілік» халықаралық ассоциациясы Қазақстан бөлімшесінің төрағасы, 1996-1998 жылдары «Рухани келісім конгресі» халықаралық қоғамдық қорының президенті, 1998-2004 жылдары Ақмола (Астана) әкімінің орынбасары, 2004-2007 жылдары III сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, ҚР Парламенті «Еңбек» депутаттық тобының мүшесі, 2007-2012 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі, 2012-2014 жылдары «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры қызметінде болды.
12 жасынан ән шығара бастаған музыка майталманы әр алуан музыкалық жанрда жемісті еңбек етті. Хорға арналған күйі мен симфониялық оркестрге арналған «Күй толғаудың» (1978), «Махамбет» симфониялық поэмасының (1979), «Алдаркөсе» операсы мен «Ғажайыптар елі» зонг-операсының (екеуі де 1980), кинофильмдер мен спектакльдерге арналған музыканың және бірталай әндердің авторы. Көптеген әндері Р. Бағланованың («Іңкәрім»), Р. Рымбаеваның («Заман-ай»), Н.Үсенбаеваның («Ақжелкен») және Г. Сиқымбаеваның («Мен деп ойла»), басқа да айтулы әншілердің репертуарынан орын алды.
«Парасат» орденімен марапатталған. ҚР Парламенті Сенатының депутаты.
53 жыл бұрын (1972) — қазақ ғарышкері, Бәйтерек» СП» АҚ басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасының ғарышқа ұшқан бірінші азаматы (ғарыштағы үшінші қазақ), әлемнің 545-ші ғарышкеріғ «Халық Қаһарманығ Қазақстан ӘӘК генерал-майоры Айдын Ақанұлы АЙЫМБЕТОВ дүниеге келді.
Талды-Қорған (қазіргі Жетісу) облысында туған. Армавир жоғары әскери авиация училищесін бітірген.
Еңбек жолы: 1993-1995 жылдары ҚР Әскери-әуе күштеріндегі қызмет, истребитель ұшқыш, 1995-2003 жылдары Су-27 ұшағындағы авиациялық эскадрильяның авиациялық бөлімшесінің командирі, 2009-2016 жылдары ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі (ҰҒА) төрағасының кеңесшісі, 2016-2019 жылдары «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ ғарыш жүйелерін құру және пайдалану жөніндегі вице-президенті, 2019-2021 жылдары «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары — өндіріс жөніндегі басқарма мүшесі, 2021-2024 жылдары «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы лауазымын атқарған.
2024 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Отан» және «Алтын Жұлдыз» ордендерімен марапатталған.
48 жыл бұрын (1977) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастығы Руслан Темірғалиұлы СЕЙСЕМБАЕВ дүниеге келді.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясын бітірген.
Еңбек жолы: 1997-2008 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік лауазымдарда қызмет атқарды. 2008-2023 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарындағы басшы лауазымдардағы қызмет етті, 2023-2024 жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болды.
2021 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен оған Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры атағы берілді.
Қазіргі қызметін 2025 жылдың қаңтарынан бері атқарып келеді.
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, мерейтойлық және ведомстволық медальдармен марапатталған. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері.
42 жыл бұрын (1984) Қарағанды облысы әкімінің білім, ішкі саясат, тілдерді дамыту, жастар саясаты, дін, мәдениет және спорт істері жөніндегі орынбасары Әлібек Үсенұлы ӘЛДЕНЕЙ дүниеге келді.
Түркістан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша, Қарағанды қаржы институтын «Қаржыгер» мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы ҚР Ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағаттар комитеті бұқаралық ақпарат құралдары басқармасының бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі бөлімінің жетекші маманы болып бастады. 2006 жылдан 2010 жылға дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2010-2013 жылдары «2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарының атқарушы дирекциясы» АҚ маркетингтік саясат бойынша бас менеджері, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жобалар бөлімінің менеджері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ ақпараттық-талдау департаментінің бас менеджері қызметтерінде еңбек етті.
2015-2019 жылдары «Оңтүстік астана» телерадиокомпаниясы» АҚ Бас директоры, 2019-2022 Астана қаласында «AMANAT» партиясының хатшысы болып жұмыс істеді, 2023-2024 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.
Қазіргі лауазымын 2024 жылдың шілдесінен бастап атқарып келеді.