27 тамыз күні елордада өтетін маңызды шаралар

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі елордада 27 тамыз күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

11.00-де «ХХІ ғасыр Конституциясы - құқық үстемдігі, адам құндылығы және мемлекеттің тиімділігі» атты халықаралық онлайн конференция өтеді.

Халықаралық конференцияны YouTube арнасында мына сілтеме арқылы көруге болады.

11.00-де «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ трансформациясының жаңа тұжырымдамасының нәтижелері туралы онлайн брифинг өтеді.

Спикер: «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Цифрландыру және трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Дәурен Керейбаев.

12.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде оқу жылына дайындық туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

Оған ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова қатысады.