ЕСІМДЕР
Қостанай облысының Меңдіқара ауданында туған. Харьков көркемсурет институтын бітірген. 1952-1954 жылдары - Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы. 1961-1965 жылдары - Лениндік сыйлық жөніндегі комитеттің мүшесі. 1959-1965 жылдары - КСРО Суретшілер одағы басқармасының мүшесі. 1952-1966 жылдары Алматы көркемөнер училищесінде оқытушы болған. Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Жамбыл Жабаев, Мәншүк Мәметова, Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов ескерткішінің авторы. «Амангелді Иманов», «Құрманғазы», «М.Хакімжанова», «Сәкен Сейфуллин», «Шоқан Уәлиханов» атты ескерткіштерінде пропорция, ритм заңдылықтарын, тиімді пайдалану арқылы образдарды шынайы кескіндерді әрі ұлттық колоритке жіті назар аударды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайында, сондай-ақ Қ.Сәтбаев, Ы.Жақаев, А.Жұбанов, Т.Тәжібаев, Ж.Саин, Д.Нұрпейісова, Т.Жароков, Х.Есенжанов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Жамбыл тұлғаларын жасады. «Парасат», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Жамбыл облысының Свердлов ауданы прокурорының көмекшісі, Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі қызметтерін атқарған. 1998-1999 жылдары - Алматы қаласының аудан прокуроры. 1999-2000 жылдары - Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары. 2000-2004 жылдары - Маңғыстау облысының прокуроры. 2004-2008 жылдары - Ақтөбе облысының прокуроры. 2008-2009 жылдары - Атырау облысының прокуроры. 2009-2014 жылдары - Павлодар облысының прокуроры. 2014 жылғы қазаннан бері Маңғыстау облыстық прокуроры (2014-2018). Қазіргі лауазымын атқаруға 2018 жылғы шілдеде кірісті.
«Құрмет» орденімен (2008) марапатталған.
Ол Қарағанды қаласында туған. Еңбек Қызыл Ту орденді Қарағанды политехникалық институты тау кен инженер - электригі мамандығы бойынша (1985) бітірген. Еңбек жолы: Ақтас шахтасының 4 разрядты жерасты электрослесарі (1985); ҚарПТИ к.ғ.қ., стажер-зерттеуші, аспиранты (күндізгі бөлім), ассистенті, аға оқытушысы, электромеханика факультетінің, декан орынбасары, доцент, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің кафедра меңгерушісі, декан орынбасары, декан (1986-2010); «Рудный индустриялық институты» РМҚК оқу орнынан кейінгі білім беру департаменті директорының орынбасары (2010-2012); ҚР БжҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаменті директорының орынбасары (2012-2013); Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің бірінші проректоры (2013-2016); Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің институциалдық және арнайы аккредитация сыртқы аудит топтарының төрағасы (2014); Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректор кеңесшісі (2017). Қазіргі лауазымын 2017 жылдың наурызынан бері атқарып келеді. ҚР БжҒМ «Құрмет грамотасымен»; ҚР БжҒМ «ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері», «Ғылым дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» төс белгілерімен; алғыс хаттармен марапатталған.
Ол Алматы қаласында туған. Америкалық Интерконтиненталдық университетін (АҚШ Лос Анджелес) (2009); Помона калифорниялық мемлекеттік политехникалық университетін (АҚШ) (2012); Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетін (2013); Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін (Лондон, Ұлыбритания) (2014) бітірген. Еңбек жолын Атырау облысы әкімінің аппараты ақпараттық-талдау және ұйымдастырушылық-инспекторлық бөлімінің бас маманы (12.10.2013 - 10.03.2014) қызметінен бастаған. Одан кейін индустриялық - инновациялық бөлімінің бас маманы, Атырау облысының кәсіпкерлік және индустриялық - инновациялық даму басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы (12.03.2014-13.10.2014); Атырау облысының кәсіпкерлік және индустриялық - инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары (14.10.2014-05.01.2015); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы (06.01.2015-01.10.2015); Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істейді (2015 жылдың 1 қазанынан бастап); Ақтөбе облысының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы (2017-2018). Бүгінгі лауазымын 2018 жылдың шілдесінен бастап атқаруда.