27 тамыз. Туған күн иелері

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 27 тамызға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

118 жыл бұрын (1903-1993) театр режиссері, опера режиссері болған әлемдегі тұңғыш әйел, жазушы, драматург, педагог Наталия Ильинична САЦ дүниеге келген.

Иркутскіде туған. Бала күнінен музыкаға деген ерекше ықыласы танылды.

Әкесі дүние салған соң, Наталия жаз шықты дегенше Қырымға, әкесі жұмыс істеген МХАТ труппасына тиесілі жерге баратын. 2014 жылдың жазында Вахтанговпен бірге Москвинге арналған комедиялық көріністің сценариін жазып, қояды.

Мәскеуге келген соң, театрға шындап ден қойып, Грибоедов атындағы жастар театр студиясында ойнайды.

1937 жылдың күзінде Наталия Сац «Отанын сатқандар отбасының мүшесі» бабымен ұсталды (күйеуі И.Я. Вейцер нәубетке ұшыраған). Лагерьде бес жыл жүріп, 1942 жылы босатылды. Мәскеуге қайтуға рұқсат берілмеген соң, Алматыға кетеді. Сол жерде Сац 1945 жылы Қазақстанда алғаш рет жас көрермен театрын құрды әрі сол театрды 13 жыл басқарды.

А. Толстойдың «Алтын кілт», У. Шекспирдің «Он екінші түн», «Екі қарға» пъесаларын қойды. Қазақ опера және балет театрында Дж. Пуччинидің «Чио-Чио-Сан» опералық спектаклін сахналады. Балаларға арналған опералар мен балеттердің либреттосын, «Өмірімнің новелласы» кітабын жазды.

1995 жылы Алматыдағы Орыс мемлекеттік балалар және жасөспірімдер академиялық театрына Н. Сацтың есімі берілді.

96 жыл бұрын (1925-2009) мүсінші, ұлттық кәсіби мүсін өнерінің негізін салушылардың бірі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық суретшісі, Қазақстанның өнер қайраткері, СССР Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі Хакімжан Есімханұлы НАУРЫЗБАЕВ дүниеге келді.

Қостанай облысының Меңдіқара ауданында туған. Харьков көркемсурет институтын бітірген. 1952-1954 жылдары - Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы. 1961-1965 жылдары - Лениндік сыйлық жөніндегі комитеттің мүшесі. 1959-1965 жылдары - СССР Суретшілер одағы басқармасының мүшесі. 1952-1966 жылдары Алматы көркемөнер училищесінде оқытушы болған. Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Жамбыл Жабаев, Мәншүк Мәметова, Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов ескерткішінің авторы. «Амангелді Иманов», «Құрманғазы», «М.Хакімжанова», «Сәкен Сейфуллин», «Шоқан Уәлиханов» атты ескерткіштерінде пропорция, ритм заңдылықтарын, тиімді пайдалану арқылы образдарды шынайы кескіндерді әрі ұлттық колоритке жіті назар аударды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайында, сондай-ақ Қ.Сәтбаев, Ы.Жақаев, А.Жұбанов, Т.Тәжібаев, Ж.Саин, Д.Нұрпейісова, Т.Жароков, Х.Есенжанов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Жамбыл тұлғаларын жасады. «Парасат», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

62 жыл бұрын (1959)Қазақстан Республикасының бас әскери прокуроры Дастан Шаймерденұлы САРТАЕВ дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Жамбыл облысының Свердлов ауданы прокурорының көмекшісі, Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі қызметтерін атқарған. 1998-1999 жылдары - Алматы қаласының аудан прокуроры. 1999-2000 жылдары - Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары. 2000-2004 жылдары - Маңғыстау облысының прокуроры. 2004-2008 жылдары - Ақтөбе облысының прокуроры. 2008-2009 жылдары - Атырау облысының прокуроры. 2009-2014 жылдары - Павлодар облысының прокуроры. 2014 жылғы қазаннан бері Маңғыстау облыстық прокуроры (2014-2018).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2018 жылғы шілдеде кірісті.

«Құрмет» орденімен (2008) марапатталған.

57 жыл бұрын (1964) ҚР Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сабыр Сайлаубекұлы ЕСІМБЕКОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. КСРО СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (1990), КСРО Ғылым академиясының Шығыстану институты жапондық зерттеу орталығының аспирантурасын (1993), Иокогама мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1995) бітірген. I сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.

1995-2000 жылдары Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігінің Уақытша сенімді өкілі, бірінші хатшысы. 2000-2001 жылдары «КазТрансОйл» жабық акционерлік қоғамы Бас директорының кеңесшісі, Жобаларды басқару департаментінің директоры. 2001-2002 жылдары «Мұнай және газ тасымалдау» Ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы Жаңа жобалар департаментінің директоры. 2002-2003 жылдары «КазТрансОйл» жабық акционерлік қоғамы Даму жөніндегі Бас директорының орынбасары. 2003-2006 жылдары «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Көліктік инфрақұрылымдар және сервистік жобалар жөніндегі Атқарушы директоры. 2006-2007 жылдары «КазТрансОйл» акционерлік қоғамы Тасымалдау жөніндегі Бас директорының орынбасары. 2007-2008 жылдары «VISOR Holding» компаниясы Мұнайгаз жобалары жөніндегі Басқарушы директоры. 2008-2011 жылдары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының атқарушы директоры, Инвестициялық жобалар департаментінің директоры. 2011-2012 жылдары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының атқарушы директоры. 2012-2014 жылдары Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті. 2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі атқарушы хатшысы. 2015-2021 жылдары «АЛМЭКС» Холдингтік тобы» акционерлік қоғамы Басқару төрағасының орынбасары, 2011 жылдан бері Қазақстан-Жапония Іскерлік Кеңесінің Төрағасы.

Қазіргі қызметінде 2021 жылдың маусымынан.

36 жыл бұрын (1985) «Астана» телеарнасының бас директоры Құрманбек Жұмағалиұлы Жұмағали дүниеге келді.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде журналистика мамандығын оқыған (2008).

2004-2007 жылдар аралығында – «Қазақстан» РТРК» АҚ-да бағдарламалардың редактор - жүргізушісі; 2007-2013 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының продюсері, «Хабар» агенттігі» АҚ қорытынды жаңалықтар жүргізушісі; 2013-2014 жылдар аралығында Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі; 2014-2015 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры, «Сенбілік кездесу» ток-шоуының жүргізушісі; 2015 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Аймақтық дамыту дирекциясының директоры; 2017 жылы «Алматы» телеарнасы Бас директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 2017-2018 жылдары - Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы. 2018-2019 жылдары - «Қазақ радиолары» ЖШС директоры болды. 2019 жылдың 10 маусымынан бастап «Қазақстан «РТРК«АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың қазан айынан.


Соңғы жаңалықтар