27 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең найзағай күтіледі.
27 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ сақталады. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.
Сол күні Көкшетау қаласында түнде және таңертең найзағай, бұршақ сақталады. Солтүстік батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
27 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік батыстан, батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 күтіледі.
Сол күні Петропавл қаласында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік батыстан, батыстан жел соғады күші 15-20 м/с күтіледі.
27 тамызда түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Жел солтүстік батыстан соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.
Еске сала кетсек, синоптиктердің болжауынша, жаздың соңғы аптасында ауа райы жылы, ал кей жерлерде тек қысқа мерзімге ғана ыстық болып тұрады, алайда оның орнына күшті жел, найзағайлы жаңбыр келеді.