27 тамызда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 27 тамыз күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023-2025 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы», «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2022-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы ҚР заңдарының жобалары және қант саласын дамыту мәселесі қаралады.

11.00-де «Ақ жол» партиясында Мемлекеттің ішкі құндылықтары мен экспортқа бейімделген өндірістерді дамыту бағдарламасы талқыланады.

11.00-де Нұр-сұлтан қаласының 68665 әскери бөлімінде (десанттық-шабуылдау бригадасы) мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің ата-аналарымен бейнекөпір өтеді.

11.00-де «Астана-Арена» стадионының қасында Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталады.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Халыққа медициналық көмек көрсету сапасы: проблемалары, шешу жолдары»атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев; МӘМС төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан; Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин; Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Комитетінің департамент басшысы Дархан Тұрлыбеков; Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Азамат Дүйсенов; Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры Дәулет Алдынғұров; Дәрілік саясат департаментінің директоры Бауыржан Джүсіпов; Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті директорының орынбасары Олжас Ысқақов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде жаңа оқу жылына дайындық туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Каринова Шолпан Таңатқызы; ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлы; ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Ешенқұлов Талғат Ілиясұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

19.00-де «Астана Опера» театрында Түркістан музыкалық-драмалық театры «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклін көрсетеді.