НҰР-СҰЛТАН
Сағат 11:00-де «Интернет дәуірі: Заң үстемдігі, адам құндылығы, мемлекеттік тәуелсіздік» тақырыбында халықаралық симпозиум өтеді. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Конституция күніне арналған форум онлайн режимде ұйымдастырылады.
Дәл осы уақытта Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі «Астана жастары» мекемесінің волонтерлері «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын бастайды.
Ал сағат 12:00-де «Мәңгілік ел» триумфальді аркасының сурет галереясында «Далаға деген сүйіспеншілікпен» деп аталатын көрменің ашылуы өтеді. Көрмеде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кескіндеме академигі Виктор Поликарповтың туындылары келушілердің назарына ұсынылады.
Сағат 12:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде еліміздегі дін саласындағы жалпы ахуалға арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
Сонымен қатар сағат 14:00-де Қазақстан Ұлттық музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Өнерге жанасу» музей жобасын өткізу жоспарланған.
Сағат 14-30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Антиконтрафакт-2021» IX халықаралық форумының қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты болады.
15:00-де Қазақстан Ұлттық музейінде «Nur Otan» партиясы әлеуметтік қабылдауының фронт-кеңсесі мен «Adaldyq alańy» жобалыө кеңсесінің ашылу рәсімі өтеді.
Сағат 16:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде жаңа оқу жылының басталуына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады. Іс-шара барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрлері Қуаныш Ерғалиев пен Шолпан Каринова және ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы білім беру бағдарламаларының жетекшісі Татьяна Адерихина негізгі баяндама жасап, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап береді.