— Біздің мекемеде ең жоғарғы дәлдіктегі эталондар жұмыс істейді. Біздегі жетілдірілген эталон - шық пен қырау нүктесінің температурасы бойынша эталон болып есептеледі. Оның негізгі өлшеу үрдісі фундаменталды әдісте жасалған. Эталонның негізгі элементі — қанықтырғыш. Қанықтырғыш шағын көлемді, 4 литрлік сұйық термостатқа орналастырылады. Термостаттың температурасын қанықтырғыштың температурасымен бірдей қылып, жоғарғы дәлдікте нәтижесін аламыз, — дейді ғалым.
Асылбек Жұмағали өзі жасап шығарған ауа ылғалдылығын өлшеу технологиясын патенттеп те үлгеріпті.
— Қанықтырғыштың пайдалы модель патентін өткен жылы алдық. Бірақ патент алғанымен, оның дәлдік көрсеткіштерін дәлелдеу үшін халықаралық салыстыру жүргізу керек. Ал оның нәтижесі бір ай бұрын ғана шықты, — дейді ол.
Айта кетейік, жуырда Қазақстан мен Қытайдың бірлескен ғылым және технология мектебі ашылмақ.