27 жасында әже атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Он екі жасар қыз бала және оның он үш жасар жігіті Ұлыбританиядағы ең жас әке мен ана атанды, деп жазды сәрсенбіде Daily Telegraph газеті.

Бастауыш мектептің оқушысы былтыр 11 жасында жүкті болған. Оның сәбиі өткен жексенбіде Лондонда дүниеге келді, баланың салмағы 3,2 келіге жуық.

Туған-туыстарының айтуынша, жасөспірімдер бір-бірін қатты ұнатады, кәмелеттік жасқа жеткен соң отау құрғылары келеді. Айта кетер жайт, Англияда ата-аналарының келісімімен 16 жасқа келгенде некеге отыруларына рұқсат етіледі, ал британдықтар 18 жасқа толғанда ғана үйлену мәселесін өз бетінше шешуге құқылы.

Тарихқа кірген оқушы елге ең жас әже ретінде танылған 27 жасар анасымен бірге тұрады, деп хабарлайды РИА Новости.