«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұны eGov.kz порталы және eGov Mobile қосымшасы арқылы онлайн режимде жасауға болады.
Декларацияны мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсыруға міндетті. Есептілік активтер мен міндеттемелер туралы «кіріс» декларациясы (250.00-нысан) тапсырылғаннан кейін ұсынылады.
270.00 нысаны кіріс туралы ақпаратты, сондай-ақ шетелдегі мүлік: жылжымайтын мүлік, көліктер, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, инвестициялық алтын және шетелдік компаниялардағы үлестер туралы мәліметтерді қамтиды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама шеңберінде ірі сатып алулар мен шығынстарды жабу көздері туралы мәліметтер көрсетіледі.
Қызметті eGov.kz порталында пайдалану үшін пайдаланушыға:
порталға авторизацияланып, «Азаматтарға» - «Кеден және салықтар» - «Салық салу» бөліміне өту қажет;
«Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қабылдау (270.00- нысан)» қызметін таңдаңыз және қажетті деректерді толтырыңыз.
мемлекеттік кіріс органын көрсетіңіз.
қолжетімді қол қою әдістерінің бірі арқылы қызметке қол қойыңыз;
«Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен өзіңіздің жеке кабинетіңіздегі өңдеу мәртебесін қарап тексеріңіз.
Қызметті eGov Mobile мобильді қосымшасында пайдалану үшін пайдаланушы:
eGov мобильді қосымшасына авторизациялауды жасап, «Қызметтер» бөлімінде «Салық және қаржы» бөліміне өтуі қажет;
«Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қабылдау (270.00-нысан)» қызметін таңдап, қажетті деректер нысанын толтырыңыз;
мемлекеттік кіріс органын көрсетіңіз;
қолжетімді қол қою әдістерінің бірі арқылы қызметке қол қойыңыз;
«Қызметтерді алу тарихы» бөліміндегі жеке кабинетіңіздегі өңдеу мәртебесін тексеріңіз.
Сондай-ақ, декларацияны kgd.gov.kz порталында және eSalyq Аzamat мобильді қосымшасында «Салық төлеуші кабинеті» арқылы тапсыруға болады.
- Көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Қаржы министрлігінің бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды, - делінген хабарламада.
Осыған дейін Салық Кодексінің жаңа нұсқасы туралы пікір білдірген министрлік өкілі 8 млн адамның декларация тапсырмайтынын айтқан болатын.