Ведомство ұсынған мәліметке сенсек, бүгін, 28 қаңтарда Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.
Ал Риддер, Семей және Өскемен қалаларында ауа сапасының бұзылуының екінші дәрежелі деңгейі байқалады.
Басқа қалаларда метеожағдай бірқалыпты болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.