9.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде автожол саласын Дамыту және сауда биржаларын дамыту мәселелері қаралады.
9.30-да Ritz Carlton қонақ үйінде Орталық Азиядағы әйелдер құқығын қорғау және әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты жою бойынша жұмыс істейтін азаматтық қоғам ұйымдарының үшінші өңірлік форумы өтеді.
10.00-де Radisson Astana қонақ үйінде «Қазақстандық бизнес орнықты даму үшін» атты панельдік пікірталас өтеді.
17.00 «Қазақконцерт» «Арман Асулары» республикалық фестивалін өткізеді.
18.30-да «Ренко» бизнес орталығында ЕО санкциялар бойынша арнайы халықаралық елшісі Дэвид О'Салливанның қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.
19.00-де Astana Opera театрында «Элегиялық көңіл-күй» камералық музыка кеші өтеді.
19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Қызыл орамалды шынарым» лирикалық драмасы қойылады.
19.00-де Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Чарли Чаплин» трагикомедиясы қойылады.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Гаухартас» музыкалық драмасы қойылады.