АСТАНА
9.30-да Рэдиссон қонақ үйінде май саласына арналған «KazOil 2018» халықаралық конференциясы басталады.
10.00-де Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысының қатысуымен VIII Азаматтық форумның пленарлық отырысы өтеді.
10.00-де «Көрме» орталығында Инвестициялар және даму министрлігінің ресми қолдауымен «Қазавтожол-Kaztraffic-2018» халықаралық көрмесі өткізіледі.
10.00-де саяси қуғын-сүргін мен тоталитаризм құрбандарына арналған «АЛЖИР» музей-мемориалдық кешеніне баспасөз туры ұйымдастырылады.
10.00-де ЭКСПО аумағындағы Конгресс орталықта «Шахмат - менің қалауым» республикалық блиц-турнирі және бір мезгілді шахмат сеансы өтеді.
14.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.
15.00-де ҚР Ұлттық музейінде белгілі айтыскер ақын, манасшы, сатирик, драматург Баянғали Әлімжановтың «Шексіз ғалам, мен сенің бір бөлшегің...» атты шығармашылық кеші өтеді.
17.00-де «Park Inn» қонақ үйінде PaperLab пікірталас клубының отырысы өтеді.
АЛМАТЫ
10.00-де «Alma U» университетінде «Үздік мұғалімдер рейтингі» және «Алматының үздік мектептері» жобасының қорытындысына арналған дөңгелек үстел өтеді.
10.00-де Жастар жылы қарсаңында және ҚР Тұңғыш Президенті күні аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Ұлы дала жастары» конференциясы мен «Ұлы даланың жеті қыры» тарихи-көркем экспозициясы ашылады.
10.00-де Халықаралық ақпараттық технологиялар универсиетінде «Рухани жаңғыру ұлттық бағдарламасы аясында қоғамды жаңғырту» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
12.00-де Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «AlmatyInvest» жыл сайынғы халықаралық инвестициялық форумына арналған баспасөз мәслихаты басталады.
17.00-де Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Мен жастарға сенемін!» студент жастардың республикалық патриоттық гала-форумы өтеді.
18.00-де «Almaty arena» сарайында қазақ күресіне арналған «Arlandar sajysy» республикалық турниріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Турнирдің жүлде қоры 7 800 000 теңгені құрайды.
КӨКШЕТАУ
11:00-де Щучье қаласындағы «Жақсы-2» спорт кешенінде Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы А.Қазымбетовтың құрметіне еркін және әйелдер күресі бойынша дәстүрлі турнир өткізіледі. Турнирге Ресей, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан Республикаларынан палуандар қатысады.
ШЫМКЕНТ
10.00-11.30 аралығында Шымкент қаласына Елбасы Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатымен келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев «Dala FFruit.kz» ЖШС мен «Нұрым групп» шаруашылығының бордақылау алаңына барады.
12.00-де Шымкент қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында республикалық ақпараттық-насихаттық топ басшысының қатысуымен актив жиналысы өтеді.
ТҮРКІСТАН
12:00-де Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Түлкібас ауданының әкімі Тұрашбеков Нұрбол Әбдісаттарұлы ауданда 10 айда атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз мәслихатын өткізеді.