74 жыл бұрын (1949) саяси және қоғам қайраткері Серік Шаяхметұлы АХЫМБЕКОВ дүниеге келді.
Алматы облысы Киров ауданы Мұқыры ауылында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген, ғалым-агроном.
Еңбек жолы: 1973-1974 жылдары Талдықорған қызылша совхозының агрономы, 1974-1976 жылдары Қазақстан комсомолы Киров аудандық комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы, 1976-1981 жылдары Қазақстан ЛКЖО Талдықорған облыстық комитетінің бірінші хатшысы, 1981-1984 жылдары Қазақстан Компартиясы Гвардия аудандық комитетінің екінші хатшысы, 1984-1986 жылдары Талдықорған облысы Гвардия аудандық атқару комитетінің төрағасы, 1986-1988 жылдары Қазақстан Компартиясы Киров аудандық комитетінің бірінші хатшысы, 1988-1989 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің аграрлық бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1989-1991 жылдары Қазақстан Компартиясы Талдықорған облыстық комитетінің хатшысы, 1991-1992 жылдары Талдықорған облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, 1992-1993 жылдары ҚР Жер қатынастары және жерге орналастыру мемлекеттік комитетінің төрағасы, 1993-1995 жылдары Талдықорған облыстық әкімшілігінің басшысы, 1995-1996 жылдары Талдықорған облысының әкімі, 1996-1998 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрі, 1998 жылы ҚР аз қамтылған азаматтарды қолдау ұлттық қорының атқарушы директоры қызметтерін атқарды.
«Құрмет белгісі», Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
64 жыл бұрын (1959) «Минги Тау» қарашай-балқар ұлттық мәдени орталығының төрағасы Людмила Хисаевна ХОЧИЕВА дүниеге келді.
Алматы облысы Шамалған ауылында туған. Қырғыз мемлекеттік ұлттық университетін экономист мамандығы бойынша бітірген, Қырғыз заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1988-1992 жылдары Шамалған шарап зауытында жұмысшы, 1992 жылы «Азер и К» ШК заңгері, 1992-2004 жылдары «Azer LTD» заңгері, бас есепшісі, бас директордың орынбасары қызметін атқарды. 2004-2007 жылдары «БН Винзавод» ЖШС бас директорының орынбасары, 2007 жылы «Азер и К» шаруа қожалығының басшысы, 1996 жылдан «Минги Тау» қарашай-балқар ұлттық мәдени орталығының төрағасы. 2007-2011 жылдары Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылын өткізу жөніндегі республикалық комиссияның мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің, Алматы облысы Қазақстан халықтары Кіші Ассамблеясының мүшесі, IV сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.
«Құрмет» орденімен, «Астана», «Қазақстан Республикасына 10 жыл», «Қазақстанның Конституциясына 10 жыл», медальдарымен, «Қазақстан халқының бірлігін, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін» құрмет грамотасымен марапатталған.
51 жыл бұрын (1972) саяси қайраткер, Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің мүшесі Айқын Ойратұлы ҚОҢЫРОВ дүниеге келді.
Бұрынғы Көкшетау облысы Куйбышев қала үлгісіндегі кентінде туған. Көкшетау мемлекеттік университетін, «Фемида» Қарағанды заң академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Куйбышев аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының автобазасында слесарь болып бастаған. 1997 жылдан бастап кәсіпкерлік қызметпен айналысқан. 2004-2011 жылдары - «News Print» ЖШС жетекшісі («Московский комсомолец в Казахстане» газетін шығару). 2005-2006 жылдары - Алматы қалалық комитетінің екінші хатшысы. Партияны тіркеген мезгілден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚКХП Орталық комитеті аппаратының жетекшісі. 2007 жылы ҚКХП Орталық комитеті Бюросының мүшесі. 2004, 2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына ҚКХП атынан депутаттыққа кандидат болып қатысты. 2007 және 2011 жылдары ҚКХП республикалық сайлауалды штабы жетекшісінің орынбасары қызметін атқарды. 2012-2016 жылдары - ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты, Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің мүшесі, 2021-2023 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің VII депутаты, Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің мүшесі.
42 жыл бұрын (1981) ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII сайланған депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Таңсәуле Ғабдыманапұлы СЕРІКОВ дүниеге келді.
Қарағанды облысы Нұраталды ауылында туған. 2003 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын, автоматты электр байланысы мамандығы бойынша, 2005 жылы Қарағанды қаржы институтын экономика мамандығы бойынша, 2014 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірген.
Еңбек жолы: 2003-2015 жылдары инженер, жоғары санатты инженер, бас инженер, «Қазақтелеком» АҚ филиалы Қарағанды облыстық телекоммуникациялар дирекциясының цех бастығы, 2022 жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің инклюзивті білім беру мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі қызметін атқарды.
2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
Жас ғалымдарға арналған академик А. Сағынов атындағы медальмен, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Белсенді еңбегі үшін» халықаралық «ЖанДос» қоғамдық сыйлығының лауреаты, «Мүмкіндігі шектеулі жандардың ғылымды, білім беру қызметін, білімге деген ұмтылысын дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша «Жан Шуақ» халықаралық қоғамдық сыйлығының лауреаты, ҚР ЖОО үздік оқытушысы.
41 жыл бұрын (1982) «Самұрық-Қазына» АҚ құқықтық қамтамасыз ету, қауіпсіздік және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры Николай Юрьевич КАЗУТИН дүниеге келді.
Алматы қаласында туған.
Еңбек жолы: 2001 жылы Алматы қаласындағы «Өндірістік сақтандыру тобы» ААҚ филиалдарының сақтандыру және бухгалтерия маманы, 2003-2005 жылдары «Amanat Insurance» сақтандыру компаниясы» АҚ қаржылық талдаушысы, 2005-2006 жылдары «Казинтерполис сақтандыру брокері» ЖШС қаржылық талдаушысы, 2006-2016 жылдары «Прайсуотерхаускуперс Такс Энд Эдвайзори» ЖШС департаментінің аға менеджері, 2016-2018 жылдары «Көкшетау минералды сулары» АҚ кеңесшісі, 2018-2019 жылдары «Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясы» АҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы, 2020 жылы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
88 жыл бұрын (1935-1983) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, аудармашы, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Жұмекен Сабырұлы НӘЖІМЕДЕНОВ дүниеге келген.
Атырау облысы Құрманғазы ауданында туған. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының ұлт аспаптары факультетін, М. Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары курсты бітірген.
1959-1965 жылдары – «Жазушы» баспасының кіші редакторы, 1965-1966 жылдары – республикалық «Лениншіл жас» газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі. 1966-1971 жылдары – Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші. 1974-1978 жылдары Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы, 1978-1983 жылдары «Мектеп» баспасында редакция меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Тұңғыш кітабы «Балауса» деген атпен 1961 жылы жарық көрді. 60-жылдардан бастап өлеңдері мен шығармалары, үш романы, аударма кітаптары «Жазушы», «Жалын» баспаларынан жарық көрген. «Балауса», «Сыбызғы сыры», «Жоқ, ұмытуға болмайды», «Күй кітабы», «Мезгіл әуендері», «Ұлым, саған айтам», «Қызғалдақ жайлы баллада», «Темірқазық», «Менің топырағым» кітаптары, үш томдық шығармалар жинағы, «Мен – тамырмын» дастандары, «Қасірет пен қайсарлық», «Жұмекен», «Жаңғырық», «Жарық пен жылу», «Весенние ветры», «Мен туған күн», «Жеті бояу», «Шуақ», «Ашық аспан», «Қыран қия», «Тебе говорю, потомок» толғау, поэмалары мен жырлары, «Ақ шағыл», «Кішкентай», «Даңқ пен дақпырт» атты романдарының авторы. 1967 жылы «Жоқ, ұмытуға болмайды!» атты поэмасы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды. Ақын жырлары бірнеше шет ел тілдеріне аударылған. «Менің Қазақстаным» өлеңі 2005 жылы әнұран сөзі болып бекітілді. Ақынның есімі өзінің туған жері Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы ауылға берілген.