09:00-де Hilton Garden Inn қонақүйінде «Ғылым және өнеркәсіп: тау-кен металлургия кешенінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қайта іске қосу» форумы өтеді.
10:00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы басталады.
10:00-де Қазақстан Жол ғылыми-зерттеу институтының 65 жылдығына арналған Орталық Азия халықаралық «Болашақ жолдары» конференциясы өтеді.
11:00-де Қазақстан Халық партиясы депутаттық фракциясының «Азаматтарды киберқылмыстан қорғау мақсатында банк қызметтерін ұсыну механизмдерін жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстелі өтеді.
11:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған көшпелі баспасөз конференциясы өтеді.
11:50-де Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясын ақпараттандыру мақсатында Қазмедиа орталығының холында баспасөз орталығы жұмыс істейді.
14:00-де Wyndham Garden Astana қонақ үйінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтар IT саласындағы (UX/UI дизайн, No Code, AI) ерекше жобаларын таныстыратын OrleTech жобасының марапаттау салтанаты өтеді.
14:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Газбен жабдықтау жүйелерін пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы» баспасөз конференциясы өтеді.
15:00-де «Астанагенплан» ЖШС (Әзірбайжан Мәмбетов көшесі, 22) ғимаратында Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.
15:00-де Президенттік орталықта ҚР Тәуелсіздік күніне, сондай-ақ Мұхамеджан Тынышпаев, Мұстафа Шоқай, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов сияқты мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің мерейтойларына арналған «Тарихи тұлғалар туралы очерктер» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.
17:00-де Astana Opera театрында «Айсулу» операсының премьерасына арналған баспасөз конференциясы өтеді.