«Қазгидромет» РМК ел аумағында 28 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Kazinform.
«Республиканың батыс жартысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыздығы байқалады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады», — деп жазды синоптиктер.
Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ болады.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.