28 қазан күні Қазақстанның алты өңірінде күн бұзылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірқатар облыстарында ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Синоптиктердің болжамынша, 28 қазанда Шығыс Қазақстан облысында батыстан соғатын жел 15-20 м/с дейін күшейіп, күндіз жел екпіні 23-28 м/с дейін жетеді деп күтіліп отыр. Өскеменде 28 қазан күні батыстан соғатын желдің 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал. Семейде 28 қазанда батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Бұл күні Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің екпіні 17-22 м/с дейін жетеді. Оралда күндіз оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Дауыл тұру ықтималдылығы 90-95 пайыз.

28 қазан күні Қызылорда облысында солтүстік-батыстан 18-23 м/с дейін жылдамдықпен болатын күшті жел тұрады, жел екпінгі 30 м/с және одан да көп болуы мүмкін. Сол күні Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, таңертең және күндіз жел екпіні 23-28 м/с, ал оңтүстік-батыста 30 м/с  және одан да көп болуы ықтимал. 29-31 қазан күндері 3 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Таразда 28 қазанда оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, таңертең және күндіз жел екпіні 23-28 м/с дейін жетуі ықтимал. 29-31 қазанда түнде ауаның температурасы 1-3 градусқа дейін төмендейтіні күтілуде. Дауыл тұру ықтималдылығы 85-90 пайыз.

28 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан күшті желдің соғуы күтілуде, түнде жел екпіні кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетеді. Кейбір жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. 28 қазан күні Петропавлда солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 25 м/с дейін жетеді. Тұман, көктайғақ болады. Дауыл тұру ықтималдылығы 90-95 пайыз.

28 қазанда Қостанай облысында солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, жел екпіні 25 м/с дейін жетеді. Дауыл тұру ықтималдылығы - 90-95 пайыз.

28-30 қазан күндері Ақмола облысында жауын-шашын, күндіз кей жерлерде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) жаууы ықтимал. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Батыс, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кейбір жерлерде екпіні 23-28 м/с дейін жетуі ықтимал. 28-30 қазанда Астанада батыс, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Дауыл тұру ықтималдылығы 85-90 пайыз.