28 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 28 қыркүйек күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
10.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ҚР заңнама және құқықтық ақпарат институты «Заң шығару және құқықтық ақпарат: жетістіктер мен перспективалар (заңнамалық және заңға тәуелді деңгейдегі нормалардың аражігін ажырату)» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
10.00-де Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының кезекті сессиясы шақырылады.
10.30-да АҚШ Дипломатиялық миссиясының баспасөз қызметі Елші Дэниел Розенблюмнің қатысуымен дөңгелек үстел өткізеді. Елші C5+1 шеңберіндегі серіктестіктің жаңа ахуалын талқылайды және журналистердің сұрақтарына жауап береді.
12.00-де ҚР Қаржы министрлігінде «Салықтық әкімшілендіру» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Әділет органдарының қызметі туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер:ҚР Әділет министрі Есқараев Азамат Несіпбайұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.
15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның сақтандыру секторын цифрландыру туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Хаджиева Мария Жамаловна (ZOOM); ҚР ҚНРДА сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысулар Департаменті директорының орынбасары Әжібек Сағи Қалиұлы (ZOOM); «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ Басқарма төрағасы Когулов Бақыт Бектұрғанұлы (ZOOM); «Бірінші несиелік бюро» ЖШС Бас атқарушы директоры Омаров Руслан (ZOOM). Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
15.00-де «Атырау» көпірінде Төтенше жағдайлар министрлігінің қатардағы қызметкерлері (құтқарушылар, сүңгуірлер, кинологтар, өрт сөндірушілер, ұшқыштар, психологтар, медицина қызметкерлері, әскери қызметшілер) туралы фотокөрменің ашылу салтанаты өтеді.
19.00-де Astana Opera театрында «Сильфида» балетінің премьерасы өтеді.
19.00-де «Астана балет» театрында «Ұлы Дала мұрасы» балеті көрсетіледі.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Ғашық жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымы көрсетіледі.