28 қыркүйек. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 28 қыркүйекке арналған күнтізбесін ұсынады.

28 қыркүйек, ЖЕК СЕНБІ

РФ-нің атом өндірісі қызметкерлерінің күні.

Атом саласы қызметкерлерінің күні. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңының 4 бабына сәйкес бекітілді.

Қыркүйектің 28-і кездейсоқ күн емес. 1942 жылы нақ осы күні КСРО Мемлекеттік Қорғаныс комитеті «Уран бойынша жұмыстарды ұйымдастыру туралы» жарлық шығарды және Ғылым академиясы жанында арнайы атом ядросы зертханасын құруды мақұлдады.

Бүкіләлемдік жүрек күні.

Бұл күні Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы мен Дүниежүзілік жүрек федерациясы денсаулық тексеру, ұйымдасқан түрдегі серуендеулер, жүгіру және фитнеспен айналысу, бұқаралық дәрістер, қойылымдар, ғылыми форумдар, көрмелер, концерттер, фестивальдар мен спорт жарыстарын қоса есептегенде, 100-ден астам елдерде шаралар ұйымдастырады.

Құтыру ауруына қарсы күрестің бүкіләлемдік күні.

Құтыру аурумен күрес жөніндегі (ARC) қайырымдылық ұйымы мен Аурулармен күрес және аурулардың алдын алу орталықтары (CDC) (Атланта, АҚШ) ұсынысымен өткізіледі.

Құтыру ауруына қарсы күрес бүкіләлемдік күні адамдар мен жануарлар құтыруының зардаптары туралы, сондай-ақ оның алдын алуға және оны қоздырушылармен шектеу орындарындағы жануарлар арасында күресе отырып, тамырына балта шабуға болатыны, тиісті жұмыс жүргізсе қаншалықты жеңіл екені жайлы хабардарлықты арттыруға арналған.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1 9 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев республикадағы сайлау туралы Конституциялық заң күші бар Жарлыққа қол қойды. Бұл Жарлыққа сәйкес республика Парламенті 2 палатадан тұратын және кәсіби негізде жұмыс істейтін болып белгіленді.

8 жыл бұрын (2006) АҚШ-қа ресми сапармен барған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтондағы Қазақстан Елшілігінің алдына қойылған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік монументін ашты. Бұл шараға АҚШ-тың энергетика министрі С.Бодман мен Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Қанат Саудабаев және АҚШ конгресінің мүшелері мен Қазақстан делегациясының өкілдері қатысты.

8 жыл бұрын (2006) Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қоры тағы бір бірегей жәдігер - Жамбыл облысы Ақсу-Жабағылы қорығында табылған жыл санауға дейінгі VII - IV ғасырларда жасалған металл қазанмен толықты. Тауда омартасы бар Тараз қаласының тұрғыны Сергей Кудриннің көзі жерден шошайып шығып тұрған темір затқа түседі. Сөйтсе ол сиымдылығы 17 литрлік 15 келі тартатын бірнеше металдардың балқымасынан жасалған қазан болып шықты. Облыстық мұражай мамандарының пайымдауынша, бұл қазан көне заманда Ақсу-Жабағылы қорығының аумағында орналасқан бүтін кешеннің бір бөлшегі болуы мүмкін.

1 4 жыл бұрын (2000) Алматыда Түркістанға 1500 жыл толуы мен Мәдениетті қолдау жылына орай екі күндік «Әл-Фараби мұралары және әлем мәдениеті» атты Халықаралық конгресс өтті.

Бұл іс-шараға Ресей, Сирия, Иран, Түркия, Орта Азия елдері мен Қазақстанның әл-Фарабитану жетекші мамандары қатысқан.

Конгресті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Философия және саясаттану институты Түркия Премьер-Министрі жанындағы Түркия халықаралық ынтымақтастық агенттігінің қаржылай көмек көрсетуімен ұйымдастырған.

1 3 жыл бұрын (2001) Астанада Республикалық клиникалық аурухана салтанатты түрде ашылды.

Бұл еңселі медициналық кешен Елбасы Н.Назарбаевтың Астанада медициналық кластер құру қажеттігі жөнінде көтерген бастамасының негізінде және тікелей тапсырмасымен салынған. Клиникада 20 бөлім жұмыс істеп, бір уақытта 240 емделушіні қабылдайды. Бөлім меңгерушілері конкурстық негізде алынған. Мұнда жасалатын барлық диагностика, емдеу жұмыстары еуропалық деңгейдегі, қазіргі заманғы ең үздік стандарттарға сай медициналық құралдармен, зертханалармен, емдеу жабдықтарымен жарақталған. Кешеннің медициналық қызметін Қазақстанның барлық аймағының, Астана қаласының тұрғындары пайдалана алады. Клиника жергілікті және республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады.

9 жыл бұрын (2005) Цюрих қаласында Қазақстан-Швейцария қауымдастығы салтанатты түрде ашылды.

Қауымдастық екі елдің саясаткерлері мен кәсіпкерлерін біріктіреді, мақсаты әр түрлі саладағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту болып табылады.

9 жыл бұрын (2005) Алматыда «Қазақфильм» киностудиясының аймағында «Еуразия» кинофестивалі аллеясының іргетасы салтанатты түрде қаланды.

9 жыл бұрын (2005) Қостанайда мүгедек балалардың қолынан шыққан көркемдік шығармашылық жұмыстарының көрмесі болып өтті.

Көрменің ұйымдастырушысы - облыстық Мәдениет департаменті және Мүгедектер қоғамы. Көрмеге көркемдік жұмыстардан басқа, қолданбалы өнер туындылары да қойылды.

5 жыл бұрын (2009) «Нұр Отан» ХДП оңтүстікқазақстандық филиалының «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен Шымкентте «Еркін пікір» зияткерлік-пікірсайыс клубы ұйымдастырылды.

Мұнда балалар өз құрбы-құрдастарын патриоттық рухта, кәсіптік жағынан жетілдіруге, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеумен қатар, жастардың өзекті мәселелерін де талқылайды.

1 8 жыл бұрын (1996) Алматыдағы Кеңсай зиратында жазушы Оралхан Бөкеевтің зиратына ескерткіш орнатылды.

ЕСІМДЕР

8 2 жыл бұрын (1932) Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қырғызстанның халық ақыны, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты МҰРТАЗА Шерхан Мұртазаұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ мекенінде туған. 1955 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің тілшісі, әдеби қызметкері болды. 1963-1970 жж. «Лениншіл жас» газетінің редакторы. Содан кейінгі уақытта «Жазушы» баспасының, «Жалын» альманахының, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы. 1989-1992 жж. «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1992-1994 жж. Қазақстан Республикасы мемлекеттік телерадио компаниясының төрағасы болып істеді. ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты болған. Жазушының әр жылдары «Табылған теңіз» (1963), «Белгісіз солдаттың баласы» (1969), «Ахметжанның анты» (1973), «Мылтықсыз майдан» (1977) повестері, «41-жылғы келіншек» (1972), «Интернат наны» (1974) әңгімелері, «Қара маржан» (1977), бес кітаптан тұратын «Қызыл жебе», «Ай мен Айша» (1999) романдары, шығармаларының төрт томдығы (1990-2000), шығармаларының 6 томдығы, таңдамалы шығармаларының 7 томдығы, «Елім, саған айтам, ел басы, сен де тыңда» (К.Смаиловпен бірге) (1998), «Бір кем дүние» (2008) кітаптары жарық көрген. Оның шығармалары КСРО халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Қазақ тіліне Г.Х.Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Ш.Айтматовтың «Ботагөз», «Қош бол, Гүлсары», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет» туындыларын; Мұстай Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы» повесін, Э.Эрскиннің «Марыкчан балалары» романын, Л.Лагиннің «Хоттабыч қарт» повесін тәржімалады. «Әзиза» пьесасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің грантын жеңіп алды. «Қара маржан» романы үшін 1978 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның Халық жазушысы. «Құрмет белгісі», «Отан (1999) ордендерімен, медальдармен марапатталған. ПЕН-клуб сыйлығының иегері (2003).

7 6 жыл бұрын (1938) геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі ЕРМОЛОВ Петр Васильевич дүниеге келді.

Өзбекстанның Наманган қаласында туған. Ташкент политехникалық университетін бітірген. 1961-1971 жылдары - Шығыс Қазақстан өндірістік геология бірлестігінің геологы, аға геологы, Алтай іздеу-түсіру экспедициясының бастығы. 1971-1986 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Геологиялық ғылымдар институтының аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі, Алтай бөлімшесінің меңгерушісі, Қарағанды бөлімінің зертхана меңгерушісі. 1986-1988 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Химия-металлургия институтының зертхана меңгерушісі. 1988-1991 жылдары Геология ғылымдары институты Қарағанды бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1991 жылдан Жер қойнауын кешенді игеру проблемалары (Қарағанды қаласы) институты директорының орынбасары болды.

Негізгі ғылыми еңбектері метаморфтық және магмалық тау жыныстарының петрологиясын, колчедан-полиметалды және алтын кен орындарының геологиясын, минерологиясын зерттеуге арналған. Шығыс Қазақстанның алғашқы 1:500000 масштабтағы геологиялық картасын құрастырған.

7 1 жыл бұрын (1943-1993) жазушы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың иегері БӨКЕЕВ Оралхан дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1968-1983 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» газетінің әдеби қызметкері, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің, «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі. 1983-1993 жылдары «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, бас редакторы болған. Қаламгердің «Қамшыгер», «Үркер», «Қайдасың, қасқа құлыным», «Мұзтау», «Ән салады шағылдар», «Үркер ауып барады», «Біздің жақта қыс ұзақ» әңгімелер мен повестер жинақтары, «Өз отыңды өшірме» романы, «Құлыным менің» пьесалар жинағы жарық көрген. «Құлыным менің», «Теке-тірес», «Қар қызы», «Зымырайды поездар», «Жау тылындағы бала», «Мен сізден қорқамын» пьесалары қазақ және орыс тілдерінде республикалық, облыстық, сондай-ақ бұрынғы одақтас республикалар театрларында қойылған. Орыс тілінде «Жасынның ізі» әңгімелер мен повестер жинағы жарық көрген. Бірқатар шығармалары шетел халықтары тілдеріне аударылған. Жазушының шығармалары бойынша «Кісікиік», «Сайтан көпір» көркем фильмдері түсіріліп, «Кербұғы» әңгімесінің желісі бойынша балет-спектакль қойылды.

«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

7 4 жыл бұрын (1940) ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Инженерлік академиясының, ҚР Минералды ресурстар академиясының, Халықаралық ақпараттану академиясының академигі, КСРО мұнай өнеркәсібінің үздігі ЖОЛТАЕВ Герой Жолтайұлы дүниеге келді.

Алматы облысы Балқаш ауданында туған. Қазақ политехника институтын (Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті) және аспирантурасын бітірген. 1961-1974 жылдары - Орал-Еділ мұнай барлау экспедициясының коллекторы, Қазақ КСР Ғылым академиясы Геология институтының аға коллекторы, Қазақ политехника институты мұнай факультетінің ассистенті, аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, деканның орынбасары. 1974-1979 жылдары - Алжирдің мұнай, газ және химия институтының оқытушысы, профессоры. 1980-1993 жылдары - Қазақ политехника институты мұнай факультетінің деканы. 1993-2000 жылдары - Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ мұнай және газ геологиясы кафедрасының меңгерушісі. 2000-2003 жылдары Қазақ политехника институтының проректоры, Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің проректоры қызметін атқарады.

«Тектоника и нефтегазоностность бортовых зон Прикаспийской синеклизы» (бірлесіп шығарған), «Геологическое строение и нефтегазоносность Южно-Тургайского бассейна» (бірлесіп шығарған ) атты еңбектердің, 140-тан астам ғылыми жарияланымдардың, 15 әдістемелік нұсқаулықтың, бір оқу құралының авторы.

Қазақстан геологтары ұлттық комитетінің мүшесі. Қазақстанның кен қойнауын барлаушы. Қазақстанның үздік ғылымдарына арналған Мемлекеттік стипендияның лауреаты.

Медальдармен марапатталған.

6 4 жыл бұрын (1950) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары ИЩАНОВ Қайрат Қыдырбайұлы дүниге келді. Атырау қаласында туған. Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген.

1972-1983 жылдары - кеңшардың құрылысшы-инженері, кеме механигі. 1983-1984 жылдары - Балықшы аудандық партия комитетінің нұсқаушысы. 1984-1990 жылдары - кеңшардың бас инженері, басқарма төрағасы. 1990-1992 жылдары - Балықшы аудандық атқару комитетінің төрағасы, төрағаның бірінші орынбасары. 1992-1994 жылдары - Атырау облысы Балықшы аудандық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. 1994-1999 жылдары - Жамбыл атындағы кеңшар басқармасының төрағасы. 1999-2000 жылдары - Атырау облыстық мәслихатының хатшысы. 2000-2001 жылдары - Жамбыл атындағы өндірістік кооперативтің төрағасы. 2001-2005 жылдары - Атырау облысы әкімінің орынбасары. 2005 жылдан - Атырау облысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты..

Орта Азия мемлекеттері ұйымының, Литва Сеймінің, АҚШ Конгресінің, Румыния Сенатының, Италия Сенатының, Сауд Арабиясы Королдіктері Консультативтік Кеңесінің (Шура мәжілісі) Ынтымақтастық топтарының мүшесі.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

6 4 жыл бұрын (1949) ҚР Президенті Мұрағаты директорының орынбасары ЧУПРОВ Вячеслав Михайлович дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1974-1978 жылдары - Алматы облысы мемлекеттік мұрағатының архивариусы, кіші, аға ғылыми қызметкері. 1978-1984 жылдары - ҚазКСР Бас мұрағат басқармасының инспекторы, ағам инспекторы. 1984-1987 жылдары - ҚазақКСР Орталық мемлекеттік мұрағаты директорының орынбасары. 1987-1996 жылдары - ҚР Мұрағат және құжаттама Бас басқармасында бөлім меңгерушісінің орынбасары, аға инспекторы, консультант, бастықтың орынбасары. 1997 жылдан - ҚР Президенті Мұрағатының бас мұрағатшысы.

Қазіргі қызметінде - 1997 жылдан бері. Медалмен, ҚР Президентінің Алғысхатымен марапатталған.

4 6 жыл бұрын (1967) «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директоры ЕСТАЙ Серік Естайұлы дүниеге келді.

1967 жылғы 28 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысында туылған. 1992 жылы «Инженер-электрик» мамандығы бойынша Алматы энергетикалық институтын бітірген. 2002 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. Техникалық ғылымдардың кандидаты. Өзінің еңбек қызметін 1984 жылы «Ауыл шаруашылық химиясы» ӨБ-те жұмысшы болып бастады. 1992-1993 жж. - «Орда» инвестициялық қоры - бас маман. 1993-1995 жж. - «Гарант» АҚ- Коммерция жөніндегі вице-президенті. 1995 ж. - Автокөлік кәсіпорны - Директордың ШЕАБ МТЖ жөніндегі орынбасары. 1995-1996жж. - «Уейкфилд Инспекшен Сервис ЛТД» ЖШС - Бас директордың орынбасары. 1996-1998жж. - «Шымкентгаз» АҚ- Сату бөлімінің бастығы. 1998-1999жж. - «Алаугаз» Алматы филиалы - Бөлім бастығы. 1999ж. - ҚР Кеден органдарында Энергетикалық кеденнің бас инспекторы болып жұмыс істеді. 1999-2000жж. - Салық полициясы - Аға инспектор. 2000-2002 жж. - «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ - Бюджет пен сатып алуды бақылау бөлімінің маманы, МТЖ департаментінің 1 санатты маманы. 2002-2003 жж. - «ҚазТрансГаз» ЖАҚ - Өңірлермен жұмыс істеу жөніндегі басқарманың бастығы, Бас директордың орынбасары. 2003ж. - «ҚазТрансГаз» ЖАҚ- Газды тасымалдау және маркетинг департаменті Газды тасымалдау және клиринг бөлімінің бас менеджері7 2003-2004жж. - «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ-тың «Оңтүстік» магистральдық газ құбырлары басқармасы - Директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары. 2004 ж. - «ҚазТрансГаз Дистрибтьюшн» ЖАҚ - Бас директордың орынбасары, Бас директордың бірінші орынбасары. 2004 ж. желтоқсаннан бастап 2007 жылғы қыркүйекке дейін - «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры. 2007 жылғы қыркүйектен бастап - «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директоры.

4 2 жыл бұрын (1972) Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары КӘРІМОВ Марат Шайдоллаұлы дүниеге келді

Атырау мұнай және газ институтында (таукен инженері) және Оклахома, Луизиана штаттарындағы Америка университеттерінде (мұнай ісі) білім алған. Еңбек жолын 1994 жылы «КазахстанКаспийШельф» АҚ геология және геофизика бөлімінің техникалық көмекшісі болып бастаған. Кейін осы кәсіпорынның маманы, жетекші маманы болып істеді. 1998-2002 жылдары Атырау және Гаага қалаларында «Оффшор Казахстан Интернэшнл Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясының бұрғылау жөніндегі супервайзердің ассистенті, өндіріс инженері, кенішті дамыту және жайластыру жөніндегі инженері болып істеген.

2002-2004 жылдары - Лондон қаласында "Аджип Казахстан Норт Каспиан Оперейтинг Kомпани Н.В." компаниясының инженері, бөлім бастығы. 2004-2012 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ департамент директорының орынбасары, департамент директоры, «ҚазМұнайТеңіз» Теңіз мұнай компаниясы АҚ бас директорының бірінші орынбасары, "КМГ Кашаган БВ" компаниясы бас директорының орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ барлау жобалары бойынша бас менеджері. 2013 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі болып істеді. 2013 жылдың 4 сәуірінде облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

3 7 бұрын бұрын (1976) «Grand FM» (Love Radio).ЖШС бас директоры АХМЕТОВА Айгүл Сәрсенбекқызы дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған. Халықаралық бизнес академиясының «корпоративтік қаржы» факультетін бітірген. 2001 жылдан - «Қазақтелеком» АҚ бухгалтері. 2006 жылдан - «Smart Multimedia» ЖШС бас бухгалтері - қаржы директоры. 2009 жылдың қаңтарынан - қазіргі қызметінде.

3 4 жыл бұрын (1980) ҚР құрамасының мүшесі ХРУСТАЛЕВА Елена Владимировна дүниеге келді.

Красноярск қаласында туған. Краснояр мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін бітірген. 1997 жылдан - Красноярск қаласында БЖСМ биатлон бойынша спортшы-нұсқаушысы. 2001 жылдан - Беларусь Республикасының биатлоннан құрамасының мүшесі. 2002 жылдан - Новосібір қаласы Спортшы-жастар мектебінің биатлоннан спортшы-нұсқаушысы.

Жасөспірімдер арасындағы Еуропаның екі дүркін чемпионы (Польша, 2000), Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының 2 дүркін күміс жүлдегері (Австрия, 2000), үш дүркін Еуропа чемпионы «Италия, 2003, Ресей, 2005), Азия ойындарында 3-ші және 2-орындар (ҚХР, 2007), Азия чемпионатында 1-ші және 2-ші орындар (ҚР, 2008), Жазғы әлем чемпионатында 2-ші және 3-ші орындар (Эстония, 2007, Германия, 2010), Олимпиадалық ойындарда күміс жүлдегер (Ванкувер, 2010), Азия жазғы чемпионатының бірнеше мәрте чемпионы, VII Азия ойындарының чемпионы (Астана, Алматы, 2011). Қысқы Олимпиадалық ойындарға қатысушы (Солт-Лейк-Сити, 2002).

16 4 жыл бұрын (1852-1907) француз химигі, Нобель сыйлығының лауреаты Фердинанд Фредерик Анри МУАССАН дүниеге келді.

10 6 жыл бұрын (1908-1990) кеңес жазушысы, әдебиеттанушы, көркем әңгіме шебері, тележүргізуші Ираклий Луарсабович АНДРОНИКОВ дүниеге келді.

90 жыл бұрын (1924-1996) итальян кино және театр актері Марчелло Винченцо Доменико МАСТРОЯННИдүниеге келді.

80 жыл бұрын (1934) француз актрисасы БАРДО Брижит дүниеге келді.

4 1 жыл бұрын (1973) чили ақыны, театр режиссері, әнші, саяси белсенді және Чили Коммунистік партиясының мүшесі Виктор Лидио Хара МАРТИНЕС дүниеге келді.