9:00-де Қазмедиа орталығында Медиааптаның үшінші күні - «Astana Digital Forum» өтеді.
9:30-да ҚР Жоғарғы сотында «Сот пен құқық қорғау органдарын цифрландыруды құқықтық қамсыздандыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
12:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру аясында медицина кадрларын даярлау сапасын арттыру мәселелері жөнінде баспасөз мәслихаты өтеді.
16:00-де ҚР Парламенті Мәжілісінде нұротандық депутаттар білім беру нысандарын салу мәселелерін талқылайды.
16:00-де Оқушылар сарайының театр залында Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Рухани жаңғыру» фестивалі аясында «Айтыс бабалар мұрасы» әдеби-сазды кешін өткізеді.
16:00-де Қазақ ұлттық хореография академиясында академияның 2017-2018 оқу жылындағы қызметінің қорытындылары бойынша ректор Алтынай Асылмұратованың халық алдында есеп беру кездесуі өтеді.
17:30-да «Astana Media Week» жыл сайынғы қазақстандық медиа апталығы аясында өткізілген «Жылдың үздік баспасөз қызметі» конкурсының қорытындысы шығарылады.
АЛМАТЫ
10:00-де қалалық әкімдікте Алматы қалалық мәслихатының алтыншы шақырылымының ХХХV кезектен тыс сессиясы басталады.
10:00-де ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты танымал ғалым, тарихшы, шетелдегі Қазақстан тарихнамасын зерттеудің негізін салған Күшім Есмағамбетовке арналған «Қазақстандық интеллигенция: тарихи және қазіргі заман» тақырыбында ғылыми конференция өткізеді.
11:00-де Болашақ базарының алдындағы алаңда «Мобильді жұмыспен қамту орталығы» жобасы аясында жұмысқа орналастыру бойынша таныстырылым өтеді.
11:00-де «Shera Park Inn 5» қонақ үйінде «Қазақстан-Қытай: Киноиндустрия саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
14:30-да Менеджмент Университетінде «Қазақстан ЖОО-ларындағы академиялық әділдік: мәселелер мен шешу жолдары» дөңгелек үстелі өтеді.
ШЫМКЕНТ
11: 00-де Шымкентте ҰОС қаза болғандарға арналған ескерткіш жанында Тәжік-Ауған шекарасына бірінші бітімгершілік батальонын енгізуге және жеке атқыштар батальонының 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтеді.
ҚАРАҒАНДЫ
10:00-де Қарағанды облысының Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің басшыларына арналған практикалық семинар-кездесу өтеді. Семинар шеңберінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі түйіндері және ҚХА «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобаларының мақсаты мен міндеттері талқыланады.
ҚЫЗЫЛОРДА
10:00-де «Сыр сүлейлері» аллеясында Қызылорда қаласының 200 жылдығына орналған «Этноауыл», «Қымыз-шұбат», «Қауын-қарбыз» фестивалдері өткізіледі.
18:00-де Н.Бекежанов атындағы драма театрында Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған салтанатты шара болады.
20:00-де Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған эстрада жұлдыздарының гала-концерті көпшілік назарына ұсынылады.