— Іс-шараға дайындыққа байланысты 24 мамырдан бастап елорда әуе кеңістігінде әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары басталады. Жойғыш ұшақтардың ұшуы мен жаттығу шаралары қауіпсіз биіктікте жүргізіліп, қала тұрғындарының қалыпты тыныс-тіршілігіне кедергі келтірмейді. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жаттығулар мен көрсетілімдік ұшу кезеңінде туындауы мүмкін қысқа мерзімді шу деңгейінің жоғарылауына түсіністікпен қарауды сұраймыз, — делінген хабарламада.
Министрлік тарапынан мұндай ұшулардың еш қаупі жоқ екенін ескертті.
— барлық ұшулар қауіпсіздік талаптарына қатаң сәйкес ұйымдастырылған және халыққа ешқандай қауіп төндірмейді;
— түрлі түсті түтіндерді қолдану тек көрсетілімдік сипатқа ие және қоршаған ортаға зиян келтірмейді.