Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ болуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Алматы, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, бұршақ болуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ болуы ықтимал. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Атырау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
09:17, 28 Маусым 2016
28 маусым күні республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 маусым күні Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ болуы ықтимал. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады.