Бұл ақпаратты ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Ведомствоның атап өтуінше, Атырау облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті жеке кәсіпкер М.Ержановқа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Ол 2008 жылдың 18 тамызы мен 2009 жылдың 31 мамыр айлары аралығында кәсіпкерлік қызметті, яғни құрылыс-монтаж жұмыстарын арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) жүзеге асырып, 92 млн. теңгеден астам аса ірі көлемде табыс тапқан. Сонымен қатар, декларацияға кірістер мен шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған мәліметтерді енгізіп, мемлекетке 28 млн.теңгеден астам залал келтірген .
Атырау қалалық №2 сотының үкімімен М.Ержанов ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігінің «б» тармағы (заңсыз кәсіпкерлік), 221-бабының 1-бөлігі (азаматтың салық төлеуден жалтаруы) бойынша кінәлі деп танылып, шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.