28 наурыз. Тұлғалар туған күн

Фото: Kazinform

Бүгін, 28 наурыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

69 жыл бұрын (1957) Қазақстан Республикасы колопроктологтар қауымдастығының президенті Марат Шадыбайұлы АБДУЛЛАЕВ дүниеге келді.

Фото: Wikipedia

Қызылорда (қазіргі Қызылорда) қаласында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын «Дәрігер» мамандығы бойынша бітірген (1980), медицина ғылымының докторы (1997).

Еңбек жолы: Қызылорда облыстық ауруханасында ординатор, хирург (1980-1983); № 1 Алматы қалалық клиникалық ауруханасының хирург дәрігері (1983-1985); Қазақ клиникалық-эксперименттік хирургия ғылыми-зерттеу институтының резиденті (1985-1987); Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында аға лаборант (1987-1989); Алматы орталық қалалық ауруханасының дәрігері, проктология бөлімінің меңгерушісі (1989-2005); Алматы медицина кадрларының біліктілігін арттыру институтының профессоры (1998-2005); Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының директоры (2005-2007); «Алматы мемлекеттік медицина білімін жетілдіру институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік педагогикалық университетінің проктология курсының меңгерушісі (2007-2008); Амбулаториялық хирургия және проктология кафедрасының меңгерушісі, «Алматы мемлекеттік медицина білімін жетілдіру институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік педагогикалық университетінің проктология курсының профессоры (2008-2011); Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының «Орталық қалалық клиникалық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының директоры (2012-2017); «№ 7 қалалық клиникалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры, Алматы қаласы (2017-2019); Алматы орталық қалалық клиникалық ауруханасы Проктология орталығының директоры (2019-2020); Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасының меңгерушісі (2020).

66 жыл бұрын (1960) Қызылорда облысы үстел теннисі федерациясының төрағасы, Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Жұмашұлы ЕРАЛИЕВ дүниеге келді.

Фото: Kazinform

Қызылорда облысында туған. 1982 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының Қызылорда қаласындағы филиалын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1984-1994 жылдары Қызылорда үй құрылыс комбинатында құрылыс шебері, прораб, монтаждау учаскесінің бастығы болып жұмыс жасаған. 1994-2016 жылдары күріш өсірумен айналысатын және оны өңдейтін «Абзал және Компания» толық серіктестігінің директоры болды. 2008 жылдан бастап қоғамдық негізде Облыстық күріш өндірушілер және өңдеушілер қауымдастығының президенті болып сайланды. 2011 жылдан бастап — «Нұр Отан» партиясының мүшесі. 2012-2016 жылдары Қызылорда облыстық маслихатының депутаты болды. 2016-2021 жылдары ҚР Парламент Мәжілісінің VI шақырылым депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі болып қызмет атқарған.

2013 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен елге жасаған ерен еңбегі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы мен «Алтын жұлдыз» берілді. «Қызылорда облысының құрметті азаматы», «Қызылорда облысы Сырдария ауданының құрметті азаматы» атақтарының иегері.

«Отан», «Құрмет» ордендерімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

57 жыл бұрын (1969) «ҚазАзот» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Бахаридин Нұғманұлы АБЛӘЗІМОВ дүниеге келді.

Фото: «ҚазАзот» АҚ

Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

Еңбек жолы: «Өзенмұнайгаз» АҚ коммерциялық директоры (2002-2005); «ОрдабасыМұнайГаз» бас директоры, кейін «Матен Петролиум» (2005-2012); Caspian Oil директорлар кеңесінің мүшесі (2012-2017).

2021 жылдан бастап қазіргі қызметінде.

50 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ескендір Жүсіпұлы АЙСАРИЕВ дүниеге келді.

Фото: ҚР СІМ

Алматы қаласында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген (1998). Дипломатиялық дәрежесі: 1-сыныпты кеңесші.

Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүйесіндегі жұмыс (1999-2015); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік хаттама қызметі бастығының орынбасары (2015-2019); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік хаттама қызметінің басшысы (2019-2023); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі (2023-2024).

Қазіргі қызметінде 2024 жылдың шілдесінен бері.

49 жыл бұрын (1977) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрданат Беркінғали дүниеге келді.

Фото: instagram.com / prokadrykz

Алматы облысында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медициналық институтын «Жалпы тәжірибе дәрігері (оториноларингология)» мамандығы бойынша бітірген (2000); Ганновер медициналық мектебінде докторантурада оқыған (2008).

Еңбек жолы: Алматы қаласындағы жедел жәрдем фельдшері (1999-2002); Алматы қаласындағы А. Н. Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығында отоларинголог (2002-2005); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кадр бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы (2009-2010); Алматы қаласындағы «Karakas» ЖШС бас директоры, Астана қаласындағы «Medicell» ЖШС директоры (2010-2017); Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаментінің басшысы (2018-2020); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары және Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры (2020-2021); Астана қаласы «Достық» бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры (2021-2024); Астана қаласы «Қалалық жедел жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры (2024-11/2025).

2025 жылдың қараша айынан бері қазіргі қызметінде.

40 жыл бұрын (1986) Ұлытау аймағының экономика бөлімінің бастығы Нұрлан Ерболатұлы ӘБДҮКӘЛІМОВ дүниеге келді.

Фото: gov.kz

Алматы экономика және статистика академиясын бітірген (2008).

Еңбек жолы: Астана қаласындағы «№ 1 қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бухгалтері (2009); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік бюджетті орындауды талдау және әдіснама департаментінің Жергілікті бюджеттердің шығыстарын орындау бөлімінің сарапшысы (2009-2010); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы жүйелерінің инфрақұрылымын дамытуды үйлестіру және әдіснама департаментінің Қаржы жүйелерінің инфрақұрылымын қалыптастыру бөлімінің сарапшысы (2010); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Материалдық өндіріс саласындағы бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, талдау және іске асыруды бағалау департаментінің Өнеркәсіптік және отын-энергетикалық кешендер департаментінің сарапшысы (2010-2012); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Материалдық өндіріс саласындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды жоспарлау, талдау және бағалау, өнеркәсіп және отын-энергетикалық кешендердегі бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау департаментінің Өнеркәсіптік және отын-энергетикалық кешендер дирекцияларының бас сарапшысы (2012-2014); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Өнеркәсіп, көлік және коммуникациялар бюджет департаментінің Өнеркәсіптік және отын-энергетикалық кешендер бюджеттік дирекциясының бас сарапшысы (2014-2019); «Астана Экспо-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директорының орынбасары (2019-2021); «QazExpo Congress» Ұлттық компаниясы» АҚ экономика және бухгалтерлік есеп департаментінің директоры (2021-2023); Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаменті басшысының орынбасары (2023-2024); Ұлытау ауданының қаржы департаментінің басшысы (2024).

2024 жылдың қазан айынан бастап қазіргі қызметінде.

146 жыл бұрын (1880-1924) халық ақыны, әнші-композитор, Қаз дауысты Қазыбек бидің ұрпағы Мәди БӘПИҰЛЫ дүниеге келген.

Фото: e-history.kz

Қарағанды облысында туған.

Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай сияқты саңлақтармен кездесіп, өнеге алған. Жала жабылып, абақтыға түскен. Түрмеде елін, жерін сағынып, әділетсіз заманға налыған Мәди «Қаракесек» әнін шығарды. Бұдан басқа оның «Үшқара», «Шіркін-ай», «Мәди» атты әндері бар. Олардың дені кейін «Қаракесек», «Ер Тарғын», «Қыз Жібек» қазақ операларында пайдаланылды. Мәди 1916 жылы азаттық жолындағы халық көтерілісіне үн қосты. Патшаның жергілікті әкімдерінің озбырлығын әшкерелейтін жырлар толғады. Мәдидің ән мәтіндерінен басқа өлеңдері әлі де жинақталмаған. Оның шығармалары туралы Ахмет Жұбанов зерттеу еңбектерінде, Әлжаппар Әбішев «Найзағай», Әйіп Бектасов «Мәди» атты кітаптарында жазды.