Қазгидромет мәліметіне қарағанда Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ, солтүстік жартысында бұрқасын соғады.
Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Алматы облысының оңтүстігінде және шығысында жел қарқыны - 15-20 м/с. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында тұман болады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, таңертең және күндіз таулы аудандарда жел екпіні 23-28 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ, тұман, облыстың басым бөлігінде желдің күші - 15-20 м/с.
Атырау облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын, көктайғақ болады, облыстың басым бөлігінде жел екпіні 23-28 м/с жетеді.
Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-23 м/с дейін күшейеді, түнде облыстың батысында – тұман, күндіз шығыста шаңды дауыл соғады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, жел қарқыны - 15-20 м/с.
Қостанай облысында желдің күші - 15-20 м/с, батыста, солтүстікте екпіні - 25 м/с жетеді, батыста, солтүстікте - жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың шығысында – тұман түседі.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, екпіні 15-20 м/с жел, түнде және таңертең облыстың шығысында тұман.
Павлодар облысында жолдарда көктайғақ, облыстың солтүстігінде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында – бұрқасын, жолдарда көктайғақ, батысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, күндіз облыс орталығында жел қарқыны - 15-20 м/с.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.