28 наурызда Қазақстанда болатын маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат-«ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі еліміздегі маңызды оқиғалардың шолуын ұсынады.

АСТАНА

9.00-де ЭКСПО Конгресс-орталығында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының кезекті IV съезі өтеді. Шараға еліміздің әр аймағынан 1500 жас қатысады.

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы өтеді.

11.00-де Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті, Экономикалық саясат комитетінің мүшелері Елбасының биылғы Жолдауы аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығының дамуы және ел экономикасына инвестиция тарту мәселелері бойынша «Астана» ХҚО басқарушысымен кездеседі.

11.00-де «Көрме» орталығында «Промстрой-Астана 2018» атты ХІХ қазақстандық халықаралық көрме ашылады.

15.00-де Сенатта «Астананың азық-түлік белдеуі: қазіргі жағдайы және болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы ғимаратында ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтеді. Тақырып: «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы Қазақстанның адами капиталын дамыту құралы».

15.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «J1-Jastar 1» жаңа жастар телеарнасының таныстырылымына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

16.00-де Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіқалықованың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының отырысы өтеді.

16.30-да Қзамедиа орталығында ақпараттық сала, ақпараттық байланыс технологиялары және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін дамыту жөнінде қоғамдық кеңес отырысы өтеді.

АЛМАТЫ

10.00 «Ағылшын тіліндегі «Физика», «Химия», «Биология» пәндеріне арналып құрастырылған оқу-әдістемелік комплектілерін білім беру жүйесіне сәтті интеграциялау» тақырыбына арналған халықаралық ғылыми-тәжірбиелік семинар өтеді.

11.00-де ҚР БҒМ Ғылым комитеті Экономика институтында Елбасының биылғы Жолдауы аясында «Жаңа экономикалық парадигма-Қазақстанның даму мүмкіндіктері және перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

11.00-де WorldClassAlmaty BestFood дәмханасында «Алматы Марафон-2018. Басталуына 25 күн қалды!» тақырыбында баспасөз таңғы асы ұйымдастырылады.

ҚОСТАНАЙ

10.00-де Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетовтың төрағалығымен 2018 жылдың көктемгі дала жұмыстарына арналған облыстық кеңес өтеді.

14.30-да ауылшаруашылығы техникалары мен өсімдік және тұқым қорғауға арналған қорғану заттарын ұсынушылардың көрмесі ашылады. Шараға облыс әкімі қатысады деп күтілуде.

ӨСКЕМЕН

10.00-де «Диалог 2018: салт-дәстүрлер» атты сынып жетекшілердің форумы басталады.

12.00-де Өскемен қаласының орталық кітапханасында қала тұрғындарына Зырян ақыны В. Б. Сметаниннің «Ностальгия» кітабының библиоперфомансы ұсынылады.