Кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан, күндіз Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады. Жамбыл, Қарағанды, түнде Ақтөбе облыстарында тұман, көктайғақ болады, жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады. Солтүстік Қазақстан, Павлдар облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Қызылорда облысында көктайғақ болып, желдің күші 15-20 м/с болады. Атырау облысында жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, екпіні 17-22 м/с-қа дейін барады. Батыс Қазақстан облысы мен Қостанай облыстарында да желдің күші 15-20 м/с болады, кей жерлерде тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында 17-22 м/с жел соғып, көктайғақ болады.