28 сәуір. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

None
АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 28 сәуірге арналған күнтізбесін ұсынады.

28 СӘУІР, ДҮЙ СЕНБІ Еңбекті қорғаудың дүниежүзілік күні. Әлемнің 100-ден астам елінде атап өтіледі. Аталмыш күнді атап өту идеясы 1989 жылы американдық және канадалық жұмысшылардың қаза тапқан жұмысшыларды еске алу мақсатында өткізген күннен (the Workers Memorial Day) бастау алады. 2001 жылы жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі.

Бүкіләлемдік жұмыс орындарындағы қауіпсіздік пен денсаулық күні. Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ұсынысымен өткізіледі. ХЕҰ мәліметтері бойынша әлемде әрбір 15 секундта жұмыстағы жазатайым оқиғалардан немесе кәсіби аурулардан 1 адам қайтыс болады, 160 адам әлдеқандай бақытсыз жағдайға душар болып жатады екен. Ал, Стандарттаудың Халықаралық Ұйымы (ИСО) стандарттарын енгізу арқылы осындай кездейсоқ жайттардың алдын алуға болады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

14 4 жыл бұрын (1870) Ташкент қаласында қазақ баспасөзінің тұңғышы - «Түркістан уәлаяты газеті» жарыққа шықты. Газет «Түркістан ведомостарына» қосымша ретінде айына екі рет екі тілде шығып тұрды.

5 6 жыл бұрын (1958) Солтүстік Қазақстан облыстық телевидение және радио хабарларын тарату комитеті құрылды.

1 5 жыл бұрын (1999) Батыс Қазақстан облыстық филармониясына әнші, Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің есімі берілді.

1 4 жыл бұрын (2000) Алматы қаласында Түркия киносының күндері өтті.

9 жыл бұрын (2005) ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Кәсіпкерлер кеңесі құрылды.

8 жыл бұрын (2006) Алматыда Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның «Айналайын», «Ару ғұмыр» деп аталатын жаңа лазерлі күйтабақтарының тұсаукесері болды. Бұл «Мулен Руж» кешені базасында 2005 жылдың қараша айында құрылған «Арман продакшн» дыбыс жазу студиясының алғашқы жобасы. Студия қазақстандық әйгілі эстрада жұлдыздары мен жас музыканттарға кәсіби дыбыс жазу мен саз өңдеу қызметін ұсынады.

7 жыл бұрын (2007) Халық Қаһарманы, Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы Қасым Қайсеновтың Кеңсайдағы зиратына ескерткіш орнатылды.

Қасым Қайсенов (1918-2006) - партизандар қозғалысының көрнекті ұйымдастырушысы, В.Чапаев атындағы дивизия отрядтарын басқарған, Украинаның, Молдованың, Румынияның, Чехословакияның жерінде көптеген операцияларды өткізді.

Ұлы Отан соғысының І дәрежелі, Богдан Хмельницкийдің, «Еңбек Ері», «Халык каһарманы» ордендерімен, КСРО-ның 25 медалімен және құрмет грамоталарымен марапатталған.

Қазақ әдебиетіндегі партизан соғысы тақырыбының негізін қалаушы қаламгер «Жас партизан», «Илько Витряк», «Переяслав партизандары», «Жау тылындағы бала», «Жау тылында», «Партизан шайқастары» сынды әңгімелер, очерктер мен повестер жазып қалдырған.

5 жыл бұрын (2009) Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды.

Орталықтың міндеті жерлесіміз Шер-ағаның шығармашылық мұраларын зерттеу және насихаттау болып отыр. Шерхан Мұртаза қазақ жазушыларының ішінде бірінші болып саясат және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов (1894-1938) туралы роман жазды.

5 жыл бұрын (2009) Қызылорда облысының Шиелі ауданында өндірістік қуаттылығы жылына 750 тонна уранды жер астынан шайып шығаратын жаңа «Иіркөл» кенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Атом энергетикасы саласындағы қазақстан мен қытай ынтымақтастығының аясындағы өндіріске енгізілген бірінші кен болып табылады.

4 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдық мерейтойына орай номиналы 50 теңгелік шақаны айналымға шығарды.

Шақаның бет жағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңба бейнесінің оң жағында «ҚҰБ» деген аббревиатура орналасқан. Төменгі бөлігінде шақаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналдың сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу және шығыңқы жиек жүргізілген.

Шақаның сырт жағының орталық бөлігінде Жеңіс символдарынан композиция орналасқан. Композицияның оң және сол жағында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің және шақаның жылын білдіретін «1945» және «2010» деген сандар бедерленген. Жоғары бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 65 ЖЫЛ», төменгі бөлігінде орыс тілінде «65 ЛЕТ ВЕЛИКОЙ ПОБЕДЕ» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген. Таралымы - 50 мың дана.

4 жыл бұрын (2010) Венадағы «Австрия банкінің» салтанат залында 1941-1945 жылдары Австрия аумағында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу кітабы таныстырылды.

Ұлы Отан соғысы батырларының ерен ерлігіне арналған және Жеңіс күніне орай басып шығарылған ескерткіш кітапты Қазақстанның Австриядағы Елшілігі Соғыс салдарын зерттеу жөніндегі Людвиг Больцман атындағы Соғыс институтымен және Австрияның Қара крест ұйымымен бірлесіп әзірледі.

Австрия тарапынан қолдауға ие болған дипломатиялық миссияның бастамашылығы бойынша үлкен іздеу-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, соның нәтижесінде Австрия аумағында фашизммен күресте өз өмірлерін қиған 980 жерлесіміздің аты-жөні анықталды, 200-ден астам зират табылды, мұрағат құжаттары мен фотоматериалдардың бірегей қоры жиналды.

2010 жылғы мамырдың 6-7-сінде Еске алу кітабы Астанада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде ресми таныстырылды. Кітаптың электрондық нұсқасы Қазақстан елшілігінің сайтына - www.kazakhstan.at - орналастырылды.

ЕСІМДЕР

12 3 жыл бұрын (1891-1962) халық ақыны БАЙТУОВ Жәкен дүниеге келген.

Қарағанды облысы Шет ауданы Шаруатеңеу ауылында туған. Ауыл молдасынан оқып, хат таныған. Маясар, Болман, Тұңғышбай, Жалқыбай ақындармен айтысқа түскен. Жәкен ақынның «Қойшы мен қасқырдың», «Ақ қой мен қара қойдың» айтыстары, «Наршөккен», «Бірінші майға» өлеңдері, «Саржан-Бодық», «Бөрі батыр», «Көк жайдақ», т.б. дастандары бар. «Сал-сал», «Абылай», «Наурызбай» дастандарын жатқа айтып, ел ішіне таратқан.

1 10 жыл бұрын (1904-1974) тарих ғылымының кандидаты, Ұлы Отан соғысының ардагері ӘДІЛГЕРЕЕВ Халел Мұхамеджанұлы дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысында туған. Қазан шығыс педагогикалық институтын бітірген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының, шымкент мұғалімдер институтының деканы, директоры, кафедра меңгерушісі, доценті қызметтерін атқарған. Ғалым қазақ әдебиеттанушылары мен тарихшыларының тұрпайы социалистік әдістемелеріне қарсы шығып, шоқантануды бастаушылардың, С.Аспандияров туралы алғаш қалам тартқандардың бірі болды. Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы жөнінде тарихшы Е.Бекмахановтың тұжырымдамасын қолдағаны үшін саяси қуғынға ұшыраған.

8 6 жыл бұрын (1928) опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі БАЙТОҒАЕВ Абай дүниеге келді.

Қостанай облысында туған. Мәскеу қаласындағы Гнесиндер атындағы музыкалық-педагогикалық институтты бітірген. Сол жылдан Қазақ академиялық опера және балет театрының солисі болған. Байтоғаев осы театрда қойылған А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу», М.Төлебаевтың «Біржан-Сара», Ғ.Жұбанованың «Еңлік-Кебек», С.Мұхамеджановтың «Айсұлу», «Жұмбақ қыз», В.Моцарттың «Дон Жуан», Дж.Вердидің «Риголетто» операларына қатысып, басты партияларды орындаған.

6 5 жыл бұрын (1949) «Алмэкс» холдингі тобы» АҚ басқарма төрағасы ЕСЕНБАЕВ Мәжит Төлеубекұлы дүниеге келді.

Павлодар облысында туған. Қазақ политехникалық институтын бітірген. 1981-1989 жылдары - Қарағанды педагогикалық институтының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, Қарағанды облыстық халық депутаттары кеңесі Атқару комитетінің Бас жоспарлау-экономикалық басқармасы бастығының орынбасары. 1989-1994 жылдары - Қарағанды облыстық халық депутаттары кеңесінің Атқару комитеті төрағасының орынбасары - Қарағанды қалалық экономика жөніндегі комитетінің төрағасы, Қарағанды облыстық әкімдігі басшысының орынбасары - Қарағанды қалалық экономика және қаржы комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бас салық инспекциясының бастығы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бірінші орынбасары. 1994-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы. 1997-1999 жылдары - Қарағанды облысының әкімі. 1999-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі. 2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрі, Индустрия және сауда министрі. 2003-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі. 2004-2008 жылдары - Ақмола облысының әкімі. 2008-2012 жылдары - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы. 2012-2013 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің төрағасы. Қазіргі қызметінде 2014 жылғы ақпаннан бастап істейді.

«Парасат», «Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Назарбаев» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

59 жыл бұрын (1955) ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары ӘБДІҚАЗЫМОВ Қабдолкәрім Ратайұлы дүниеге келді.

В.И.Ленин атындағы Қарағанды политехникалық институтын бітірген. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Торғай, Ақтөбе облыстары бойынша басқармалары бастығының орынбасары, ҰҚК Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары, ҰҚК Қарағанды облысы бойынша департаментінің бастығы болып қызмет атқарған. Қазіргі қызметінде 2010 жылдан бері.

5 8 жыл бұрын (1956) композитор, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, дирижер, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстан Республикасы оқу-ағарту ісінің үздігі АЛПЫСБАЕВ Әли Демегенұлы дүниеге келген.

Алматы облысының Ескелді ауданында туған. Шымкент мәдениет институтын (қазіргі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты), Алматы консерваториясын (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваориясы) бітірген. 1979-1982 жылдары Сарқант мәдени-ағарту училищесінде, 1982-1995 жылдары Талдықорған қаласындағы музыкалық училищеде, педагогикалық университетте оқытушы, сондай-ақ «Алтын дән» ұлт аспаптар ансамблінің негізін қалап, көркемдік жетекшісі, дирижері болған. 1995 жылдан Алматы облыстық филармониясының халық аспаптар оркестрінің дирижері әрі көркемдік жетекшісі, сонымен қатар Талдықорған қаласындағы Мәдениет сарайының директоры қызметін атқарады. 1997 жылы - М.Төлебаев атындағы аймақтық филармония директоры және оркестрдің бас дирижері. 1999 жылдан - Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің профессоры. «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының мүшесі болып табылады. Қазіргі кезде Талдықорған қаласының депутаты.

Ә.Алпысбаевтың 100-ден аса әні, жеке музыкалық аспаптарға арналған бірнеше шығармасы бар. Ресей, Қытай, Түркия елдерін гастрольдік сапармен аралап, Польшада өткен 8- дүниежүзілік өнер фестиваліне қатысқан.

Астанада өткен «Елім менің» республикалық сазгерлер конкурсының үш мәрте лауреаты. 2007 жылы «Елге арнау» күй-поэмасы үшін мемлекеттік гранттың иегері атанды. 2008 жылы Болгарияда өткен «София көктемі - 2008» байқауында оған «Алтын алқа» жоғары марапаты табыс етілді. Халықтық музыканы насихаттау мақсатында бірқатар халықаралық форумдар мен байқауларда болды. Құрманғазы атындағы академиялық оркестрге, «Отырар сазы» оркестріне, Астана қаласының академиялық оркестріне дирижерлік етті.

«Астана» мерекелік медалімен, «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл», Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медальдерімен марапатталған, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс хатының иегері.

5 5 жыл бұрын (1959) Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі ЫДЫРЫСОВ Ерлан Әбілфайызұлы дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, КСРО Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясын бітірген. Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігі консульдық бөлімінің екінші хатшысы, министрдің көмекшісі, бөлім меңгерушісі, халықаралық экономикалық қатынастар жөніндегі кеңесші қызметтерін атқарған. 1995-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басқарма бастығы, Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. 1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 1997-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, сыртқы істер вице-министрі - 1-ші департамент директоры. 1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы сыртқы істер бірінші орынбасары. 1999-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрі, министрдің бірінші орынбасары. 2002-2007 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Швед Корольдігіндегі, Норвегия Корольдігіндегі, Ирландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы қызметін атқарған. 2007-2012 жылдары ҚР-ның Бразилия Федеративтік Республиксындағы төтенше және Өкілетті елшісі. Қазіргі қызметінде 2012 жылғы қыркүйектен бері, 2014 жылғы сәуірде қайта тағайындалды.

«ЗҚұрмет», «Парасат» ордендерімен, «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.

4 9 жыл бұрын (1965) Жамбыл облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің бастығы КОЧУБЕЙ Александр Петрович дүниеге келді.

Ақмола облысы Ерейментау ауданында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Целина аймақтық кеденінде, Ақмола облысы бойынша бас кедендік бақылау басқармасында, «Астана-жаңа қала» кеденінде, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің кеденді бақылау комитетінде инспекторлық және жетекшілік қызметтер атқарған. Ақтөбе облсы бойынша кеден департаментінің бастығы болды.

«Кеден органдарындағы озат қызметі үшін» 2-ші және 3-ші дәрежедегі төс белгілерімен, «Кеден қызметінің еңбек сіңірген қызметкері» құрмет белгісімен марапатталған.