ЕСІМДЕР
119 жыл бұрын (1904-1974) тарихшы, ғалым Халел Мұхамеджанұлы ӘДІЛГЕРЕЕВ дүниеге келген.
Батыс Қазақстан облысында туған. Қазан шығыс педагогикалық институтын бітірген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының, Шымкент мұғалімдер институтының деканы, директоры, кафедра меңгерушісі, доценті қызметтерін атқарған. Ғалым қазақ әдебиеттанушылары мен тарихшыларының тұрпайы социалистік әдістемелеріне қарсы шығып, шоқантануды бастаушылардың, С.Аспандияров туралы алғаш қалам тартқандардың бірі болды. Кенесары хан бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы жөнінде тарихшы Е.Бекмахановтың тұжырымдамасын қолдағаны үшін саяси қуғынға ұшыраған. Тарих ғылымының кандидаты, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері.
Қарағанды облысында туған. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, КСРО Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясын бітірген. Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігі консулдық бөлімінің екінші хатшысы, министрдің көмекшісі, бөлім меңгерушісі, халықаралық экономикалық қатынастар жөніндегі кеңесші қызметтерін атқарған. 1995-1996 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басқарма бастығы, Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. 1996-1997 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 1997-1998 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, сыртқы істер вице-министрі – 1-ші департамент директоры. 1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары. 1999-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі. 2002-2007 жылдары – Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Швед Корольдігіндегі, Норвегия Корольдігіндегі, Ирландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы қызметін атқарған. 2007-2012 жылдары Қазақстанның Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2012-2016 жылдары ҚР Сыртқы істер министрі қызметін атқарды. 2017- 2022 жылдары Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды.
«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Нұра кеңшарында туған. Заң ғылымдарының докторы, профессор. Еңбек жолын 1987 жылы жұмысшы болып бастады. 1988-1990 жылдар аралығында КСРО Қарулы күштері қатарында азаматтық борышын өтеген. Құқық қорғау органдарындағы қызметін 1991 жылы Ақтөбе қаласы ҚІІБ жанындағы ПБҚ ЖБ милиционері лауазымынан бастаған. 1991 - 1992 жылдары - КСРО ІІМ Свердлов жоғары мектебінің тыңдаушысы; 1992 - 1995 жылдары - ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің тыңдаушысы, аталған мектепті үздік бітірді. 1995-2000 жылдары Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің оқытушысы, адъюнкты, аға оқытушысы болған. 2000-2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы полициясының академиясында қылмыстық құқық және криминология кафедрасының доценті, бастығы, Академия бастығының ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі орынбасары, Академия бастығының оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2012 - 2016 жылдар аралығында «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ директоры қызметін атқарған. 2016-2020 жылдары – ҚР Парламент Мәжілісінің VI шақырылым депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.
2020 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.
Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) және Әділет министрлігінің құрмет грамоталарымен, сондай-ақ «Ерен еңбегі үшiн», «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін», «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медальдарымен марапатталған. Өзге де наградалары бар.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универсиетін «аударма ісі» мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы Carnegie Mellon University Мемлекеттік басқару магистрі (АҚШ). Қазақстан-Британ техникалық университетінің доктарантурасын аяқтады. Кембридж Нидерланды қайта даярлау институттарында «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша оқыту курстарынан өткен. Еңбек тәжірибесі: ҚР Президенті Әкімшілігі Стратегиялық зерттеулер және талдау орталығының консультанты, сектор меңгерушісі (2009-2011); ҚР Шахмат федерациясының вице-президенті (2011 жылдан бастап). Қазақстан, АҚШ, Индонезия, Дания, Ресей, Украина, Латвия және өзге елдердегі гроссмейстерлік турнирлердің жеңімпазы. Ерлер арасындағы Қазақстанның бес дүркін чемпионы (2001, 2003, 2004, 2006, 2007), В. Корчн (2003) пен А. Карповпен (2004) өткен матчтардың жеңімпазы. «Құрмет» (1998) орденімен, медальдармен марапатталған.
Жезқазған қаласында дүниеге келген. Калифорния технологиялық институтын; Лондон Университеттік колледжін бітірген, дипломды қаржы талдаушысы (CFA Charterholder). Еңбек қызметі: JP Morgan Chase инвестициялық банкінің талдау бөлімшелерінде және Wilshire Associates, Inc инвестициялық компаниясында жұмыс істеді; АХҚО үздіксіз кәсіби дамыту бюросының директоры (AIFC BCPD) (2017-2019); «АХҚО Әкімшілігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2019-2020).
2020 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.