НҰР-СҰЛТАН
10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады және https://www.parlam.kz/ ресми сайтында көрсетіледі.
10.00-де Astana IT University-де Смарт инновациялық жүйелер мен технологиялар жөнінде IEEE 2021 халықаралық конференциясы өтеді.
11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «2021 – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында «Кітап кеңістігі: автор, баспагер, жас оқырман» атты халықаралық онлайн конференция өтеді.
11.00-де Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан мен Орталық Азия бойынша алғашқы 7M03107 – «Этносаясат» магистранттарын даярлайтын екі жылдық білім беру бағдарламасының ашылу рәсімі өтеді.
15.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтеді.
15.00-де Елбасы кітапханасында Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған «Ел үмітін ер ақтар» кездесуі өтеді.
16.00-де Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік бойынша тұрақты комиссиясы «Zооm» бейнебайланысы арқылы отырыс өткізеді.
АЛМАТЫ
11.00-де Қазақстан Баспасөз клубында «Қазақстандағы миноритарлық акционерлер құқықтарының бұзылуы» тақырыбында онлайн баспасөз мәслихаты өтеді.