Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, түнде Қарағанды облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Алматы, Маңғыстау, Атырау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде аптап ыстық болады.
Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Таяудағы тәуліктерде Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендердің көпшілігінде су бетінің құбылуы байқалады, Алматы облысының тау өзендерінде су ағыны ұлғаяды.