28 шілде. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 28 шілде күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
64 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты, Халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Андрей Иванович ЛУКИН дүниеге келді.
Целиноград қаласында туған. 1983 жылы Целиноград қаласының инженерлік-құрылыс институтын (инженер-құрылысшы), Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (заңгер-құқықтанушы) бітірген.
Еңбек жолы: 1985-1998 жылдары ҚРІшкі істер министрлігі органдарында қызмет өткерген. Ақмола қаласы Шығыс ішкі істер бөлімінің бастығы, Ақмола қаласы Ішкі істер басқармасының бастығы, Мемлекеттік Тергеу Комитетінің бастығы. 1998-2003 жылдары Астана қаласы Тұрғын үй департаментінің бастығы, 2003 жылы ҚР Индустрия және сауда министрлігі Әкімшілік және құқық жұмысы департаментінің директоры, 2003-2005 жылдары ҚР Индустрия және сауда вице-министрі, 2005-2012 жылдары ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының орынбасары, 2012-2014 жылдары ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының бірінші орынбасары, 2014-2017 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары, 2017-2019 жылдары ҚР Бас прокурорының орынбасары лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметін 2023 жылдан бастап атқарып келеді.
Қаржы полициясының генерал-майоры. ІI дәрежелі «Даңқ» орденімен, бірқатар медальдармен және төсбелгілермен марапатталған.
61 жыл бұрын (1964) Ақтөбе облыстық мәслихатының төрайымы Гүлқасима Рамазанқызы СУЕНТАЕВА дүниеге келді.
Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1988 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын, 2015 жылы Алматы менеджмент университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі — экономист, іскерлік әкімшілендіру магистрі.
Еңбек жолын 1983 жылы Ақтөбе қалалық денсаулық сақтау бөлімінің есепшісі болып бастаған.
1992-2001 жылдары Ақтөбе қаласының қаржы бөлімінде, облыстық денсаулық сақтау басқармасында жұмыс істеді, Ақтөбе облысының медициналық көмек көрсету орталығының директоры қызметін атқарды.
2001-2005 жылдары ҚР Денсаулық сақтау істері агенттігінің бухгалтерлік есеп, мемлекеттік сатып алу және инвестициялық бағдарламаларды талдау басқармасын, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Экономика және қаржы департаментінің есепке алу және қаржыландыру басқармасын басқарды.
2005-2007 жылдары Ақтөбе облыстық қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары, 2007-2017 жылдары Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың қаржы-экономикалық талдау және бухгалтерлік есеп бөлімінің бастығы-бас есепшісі, директордың ұйымдастыру-экономикалық жұмыс жөніндегі орынбасары, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Экономика және қаржы департаментінің директоры, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығының директоры — Бас директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары, «СК-Фармация» ЖШС қаржылық талдау бөлімінің бастығы, экономика және қаржы департаментінің директоры, 2017-2022 жылдары республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ұйымдастыру — бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, Ақтөбе облысының қаржы басқармасының басшысы, Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. 2022-2023 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болды.
Қазіргі лауазымын 2023 жылғы наурыздан бастап атқарып келеді.
45 жыл бұрын (1980) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Қайырғазыұлы НАҒАСПАЕВ дүниеге келді.
Қарағанды қаласында туған. 2001 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2001-2002 жылдары Теміртау қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы, 2002-2003 жылдары Инвестициялар комитетінің атташесі, ҚР Сыртқы істер министрлігінің атташесі, 2003-2006 жылдары атташе, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің үшінші хатшысы, 2006-2007 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көлік саясаты және халықаралық ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы, директорының орынбасары, 2007-2009 жылдары «Ақтау халықаралық сауда порты» РМК директорының орынбасары, аппарат басшысы, 2009 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Әкімшілік жұмыс және қоғамдық жұмыстар және мемлекеттік сатып алу департаменті директорының орынбасары, ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, 2009-2010 жылдары Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары, 2010-2011 жылдары Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі, 2011-2013 жылдары Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімі, 2013-2014 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары, 2014-2016 жылдары «Астана» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы, 2016-2020 жылдары «Новострой Астана» ЖШС директорының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары, 2021-2022 жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ жабдықтау жөніндегі басқарушы директоры, 2022-2025 жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ жаңа жобалар жөніндегі басқарушы директоры м. а. болды.
Қазіргі қызметін 2025 жылдың ақпан айынан бері атқарып келеді.