Бұл туралы бүгін апталық брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы облысының полиция қызметкерлерінің айтуынша, 28 жастағы «қаңғыбас» осы айдың ортасында жауапкершілігі шектеулі серіктестігін басқаратын білдей бизнесменді өлтіріп, мәйітті Алматы қаласының ипподромы аумағына жасырған. Қазіргі уақытта оның не мақсатпен кісі өлтіргені анықталуда.