28 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 28 желтоқсан күні республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде қар жауады. Қалған аймақтарда көбінесе жауын-шаынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі, батыста – көктайғақ болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК мәліметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, 15-23 м/с екпінде жел болады. Батыс Қазақстан облысында сондай-ақ көктайғақ күтіледі.

Жамбыл, Алматы облыстарының кейжерлерінде тұман күтіледі, жел 15-22 м/с күшейеді.

Атырау, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады. Атырау облысында сондай-ақ көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде қатты аяз сақталады.