ЕСІМДЕР
Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында туған. Ордадағы орыс-қазақ әйелдер училишесін, 2 сыныптық қыздар мектебін, педагогикалық курсты бітірген. 1919 жылы комсомол қатарына өтіп, сол жылдың маусымында қызыл әскердің Қазақстандағы тұңғыш саяси клубын ұйымдастырды. Сол жылы қараша айында Киров революциялық комитеті ақпараттық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 1920 жылы тамызда Орынбор губерниясы партия комитетінің жанынан құрылған қырғыз (қазақ) бөлімінің алқа мүшелігіне сайланды. 1920 жылы қазанда Бүкілодақтық Құрылтай съезіне делегат болып сайланып, оның атқару комитетінің құрамына енді. Бөкей ұйымынан Бүкілресейлік Шығыс әйелдерінің съезін өткізуге ат салысып, әйел теңдігі, оқу-ағарту мәселелерін шешуге, оларды қоғамдық жұмысқа тарту ісіне тікелей араласты. 1921 жылы мамырда өткен Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы Бүкілодақтық жұмысшы әйелдердің Орталық ұйымы мәжілісіне қатысып, әйелдер қозғалысының атынан сөз сөйледі. Коммунист әйелдердің Берлинде өткен 3-ші халықаралық конференциясына, Коминтерннің 5-ші конгресіне делегат болып қатысты. 1931 жылы ауыр дертке шалдығуына байланысты зейнетке шықты. Ол «Степная правда», «Советская степь», «Еңбекші қазақ», «Жас қазақ», «Дұрыстық жолы» газеттеріне қазақ әйелдерінің қоғам ісіне араласуы, әйелдер арасындағы мәдени-ағарту жұмыстарының жүргізілу барысы, қалыңмал мәселелеріне арнап «Қазақ әйелдері даңғыл жол үстінде», «Қазақ әйелдерінің қалыңмалдан құтылған күні», «Октябрь революциясы және қырғыз әйелі», «Әйелдер бостандығы» тағы басқа мақалаларын жариялаған. Кейбір мақалалары «Қазақ әйелі», «Сағида» сияқты бүркеншек атпен жазылған. Оразбаева қазақ әндері мен күйлерін жинаған А.В.Затаевичке өзінің орындауымен қазақтың «Жайық», «Қосай», «Танысу жыры», «Зейнешім», «Сарыжан», «Төрт пішін», «Айнамкөз», «Япырай», «Қыз ұзату» (Қоштасу) сияқты барлығы 18 әнінің «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына енуіне мұрындық болды.
Солтүстік Қазақстан облысында туған. Жоғары экономикалық және филологиялық білімі бар. Еңбек жолын кеңшардың тракторлық бригадасынан бастады. Әскерден келгеннен кейін Қазақстанның ЛКСМ аудандық және облыстық комитетінде жұмыс жасады. 1969 жылдың қазан айынан бастап аудандық және облыстық газеттерде, ТАСС тілшісінің өкілеттігімен КазТАГ агенттігінде журналистік және басқарушылық қызметтерді атқарды. 1994 жылдан «Вести Казахстана» парламенттік газетінің бас редакторы болды. 1996 жылдың наурыз айының басында Қазақстан баспа және жалпы ақпарат ұлттық агенттігі төрағасының орынбасары болды. Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің БАҚ департаментін басқарды. 1999 жылдың наурызынан «Казахстанская правда» газетінің президенті қызметін атқарды. «Аграрный Казахстан» республикалық апталық басылымын шығарып әрі басшылық етті.
Батыс Қазақстан облысында туған. Саратов зоотехникалық-малдәрігерлік институтын, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген. 1989-1998 жылдары - Фурманов ауданы «Ақкөл» кеңшарының бас мал дәрігері, Казталов ауданы «Талдыапан» ауыл шаруашылығы кәсіпорнының директоры. 1998-2002 жылдар аралығында Қазталов ауданы әкімдігінде және облыс әкімі аппаратында басшы және жауапты лауазымдар атқарған. Қаратөбе ауданының әкімі болған. 2010-2013 жылдары - Теректі ауданының әкімі. 2013-2014 жылдары - облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы. 2014-2015 жылдары – БҚО әкімінің орынбасары. 2015-2018 жылдары – БҚО әкімінің бірінші орынбасары. 2018-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы. Қазіргі қызметінде - 2020 жылғы тамыздан бері.
Өзбекстан Республикасының Андижан қаласында туған. М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, Халықаралық тілдер институты «Ағылшын және араб тілдерінің аудармашысы» мамандығы бойынша, Исламабад қаласындағы Халықаралық ислам университеті (Пәкістан) «Ислам құқығы және құқықтану» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолы: «Түрік-Цемент» ЖШС құрылыс материалдары өндірістік кәсіпорнының қаржы директоры, «KazSnabService TTM» ЖШС коммерциялық-сауда кәсіпорнының бас директоры, «ТаразКожОбувь» ЖШС былғары-аяқ киім зауытының бас директоры, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми - зерттеу және талдау орталығы» РММ-нің бөлім бастығы-бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің ғылыми зерттеулерді үйлестіру және Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесімен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша бөлім басшысы. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары (2019-2020).