29 қаңтарда Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 29 қаңтарда елімізде өтетін маңызды шаралардың тізімін ұсынады.

АСТАНА

10:00 Үкімет сағаты. Тақырыбы: «Денсаулық сақтауды цифрландыру». Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баяндама жасайды.

12:20 Орталық коммуникациялар қызметінде XXIII қысқы Олимпиада ойындарына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: «Qazsport» телеарнасының директоры  Павел Цыбулин, «Qazakstan» ұлттық телеарнасының директоры Асқар Әшімов, сондай-ақ, «Хабар» телеарнасының директоры Ерлан Игісінов.

15:00 Дін істер және азаматтық қоғам министрлігі Мәжіліс депутаттарына «ҚР Дін қызметі және діни ұйымдар сұрақтары бойынша бірқатар заңнама актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы» заң жобасын таныстырады.

15:00 ҚР Президенті жанындағы қазақстандық стратегиялық зерттеу институтының қабырғасында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабына арналған «Қазақстанның бітімгершілік миссиясы»  атты дөңгелек үстел өтеді.

16:20  Орталық коммуникациялар қызметінде кәсіпқой бокстан жартылай ауыр салмақта (WBA super) және бірінші ауыр салмақта  (WBA regular) әлем чемпионы Бейбіт Шүменовтің кәсіби мансабына қайта оралу және жақын уақытта ҚР аумағында кездесу өткізу туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

16:00 Мәжілісте Қазақстан халқы Ассамблеясы депуттары тобының ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын талқылауға  арналған «Тәуелсіздік дәуірі-біздің уақыттың жылнамасы» тақырыбында отырысы өтеді.

АЛМАТЫ

10:00 Қазақстанда бизнес климатты жақсартуға бағытталған реформаны түсіндіру мақсатында құзыретті органдар мен бизнес қауымдастық өкілдерінің кездесуі өтеді.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі тарапынан ұйымдастырылған шараға инвестициялар және даму, ауыл шаруашылығы, энергетика, қаржы, әділет, ақпарат және коммуникация министрліктері мен Жоғарғы сот, Ұлттық банк, Алматы әкімдігі, «Азаматтар үшін Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ,  «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Атамекен» ҰКП және халықаралық сарапшылар мен бизнез қауымдастық өкілдері қатысады.

Шара Алматы қаласы, Розыбақиев көшесі 227, Almaty Management University ғимаратында өтеді.