66 жыл бұрын (1957) ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Мұратбай Сматайұлы ЖОЛДАСБАЕВ дүниеге келді.
Жамбыл облысы Қызылжар ауданының Қызыл Октябрь ауылында туған. 1981 жылы В.П. Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндірісінің инженерлері институтының «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» факультетін бітірген, инженер-механик.
Еңбек жолы: 1975-1981 жылдары Жамбыл облысы Қызылжар ауданы «Қызыл октябрь» ұжымшарының жұмысшысы, 1981-1982 жылдары Жамбыл облысы Қызылжар ауданы «Жаңа Тұрмыс» кеңшарының бақылаушы механигі, 1982 жылдан бас инженері болып еңбек етті. 1992-2007 жылдары «Сарыбұлақ» кеңшарының директоры, «Сарыбұлақ» ААҚ президенті, Жамбыл облысы Қордай ауданы «Сарыбұлақ» ЖШС президенті қызметтерін атқарды. 2003-2006 жылдары «KAZEXIM group» ЖШС директорының орынбасары, «Маис Агро» ЖШС директоры, 2006-2007 жылдары «Маис Агро» ЖШС директорының аграрлық саясат жөніндегі, өндіріс жөніндегі орынбасары, бас директорының бірінші орынбасары, 2007-2009 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімі болды. 2009-2014 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, 2014-2020 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі болды.
Қазіргі қызметін 2020 жылдан атқарып келеді.
«Құрмет» орденімен (1999), «Астана» медалімен марапатталған.
52 жыл бұрын (1971) Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Бақыт Тұрлыханұлы СҰЛТАНОВ дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. 1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Робототехникалық кешендер және жүйелер» мамандығы бойынша үздік бітірді. 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолы: 1994 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы нарығының бағалы қағаздар басқармасының акционерлеу және лицензиялау бөліміне жетекші маман болып жұмысқа тұрды. 1995-1996 жылдары Қаржы министрлігінде бөлім бастығы, 1996-1997 жылдары басқарма бастығының орынбасары, 1997-1998 жылдары Бюджет департаменті директорының орынбасары, 1998-1999 жылдары Мемлекеттік сатып алу жөніндегі департамент директоры, 1999-2001 жылдары Қазынашылық департаменті директорының орынбасары, 2001-2002 жылдары Бюджет департаменті директорының орынбасары, 2002 жылы Мемлекеттік бюджет департаментінің директоры қызметін атқарды. 2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бюджеттік саясат және жоспарлау департаментінің директоры, 2003-2006 жылдары экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің вице-министрі, 2006-2007 жылдары ҚР Статистика агенттігінің төрағасы, 2007 жылғы қаңтар-тамыз айларында ҚР Қаржы вице-министрі болды. 2007 жылғы тамыздан бастап ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, 2010-2012 жылдары ҚР Президентінің көмекшісі, 2012-2013 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2013-2014 жылдары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі, 2014-2018 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, 2018-2019 жылдары Астана қаласының әкімі, 2019-2022 жылдары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі болды.
Қазіргі қызметін 2022 жылдың қазан айынан атқарып келеді.
«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.
49 жыл бұрын (1974) ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, «Қазақстан Халық партиясы» Фракциясының мүшесі Гаухар Шаймерденқызы ТАНАШЕВА дүниеге келді.
1992-1998 жылдары С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетін емдеу ісі мамандығы бойынша, 1998-2000 жылдары С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетін кардиология мамандығы, 2002-2007 жылдары Халықаралық мамандықтар институтын экономика мамандығы бойынша тәмамдаған. 2008 жылы «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында» кардиология мамандығы бойынша біліктілігін арттырған.
Еңбек жолы: 2000-2002 жылдары С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, интерндерге арналған ішкі аурулар кафедрасының ассистенті болды. 2003-2016 жылдары ірі фармацевтикалық компаниялардың маркетинг бөлімінде (Pfizer, Gedeon Richter, Zentiva, Sanofi, Actavis) еңбек етті. 2014-2022 жылдары «Қазақстан балалары «Жастарды дамыту Алматы қайырымдылық қоры» Қоғамдық қорының президенті қызметін атқарды. 2020 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Қазақстан аналарының бірлестігі» корпоративтік қорының директоры.
Қазіргі қызметін 2023 жылдың наурыз айынан атқарып келеді.
Алматы қаласында өткен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы, «Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық байқауының жеңімпазы, Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың атынан, Алматы қаласы мен Алматы облысының балалар үйлерінің басшыларының атынан Алғыс хаттармен марапатталған.
44 жыл бұрын (1979) ҚР КМ Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Рлжас Сапарбекұлы САПАРБЕКОВ дүниеге келген.
Ақтөбе қаласында туған. Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын, Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы жеке меншік теміржол компаниясында бастаған. 2001-2006 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» құрылымында жұмыс істеді. 2006-2016 жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды. 2016-2019 жылдары «Атамекен» ҰКП сарапшы, департамент директорының орынбасары, 2019-2021 жылдары Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, басшысы қызметтерін атқарды. 2021-2023 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары, 2023 жылдың маусым айынан қарашаға дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары болды.
Қазіргі қызметін 2023 жылдың қараша айынан атқарып келеді.
41 жыл бұрын (1982) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы Әмірбек Қанатбекұлы ОСПАНБЕКОВ дүниеге келді.
ҚР ІІМ Барымбек Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын, «Тұран-Астана» университетін тәмамдаған.
Әр жылдары Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында қызмет атқарды, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлімнің бас консультанты, Сенат аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, кадр жұмысы және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті кеңсесі бастығының орынбасары болған.
Қазіргі қызметін 2022 жылдың ақпан айынан атқарып келеді.