29 қарашада ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 қарашада ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек солтүстік батыста, орталықта және оңтүстікте кей жерлерінде жаңбыр жауады, тұман, көктайғақ,  жел 15-20 м/с күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күші - 15-20 м/с.

 Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең және күндіз тұман болады.

 Алматы, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.