29 қазан. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 29 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Фото: Kazinform/ Midjourney

Жигули ДАЙРАБАЕВ, Қазақстан Фермерлер қауымдастығы басқармасының төрағасы

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

1954 жылы дүниеге келген. 1981 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, 1989 жылы Агроөнеркәсіп кешенінің жоғары мектебін бітірген. Мамандығы – ғалым-агроном.

Еңбек жолын 1971-1972 жылдары шопанның көмекшісі, автокөлік жүргізушісі болып бастаған. 1974-1977 жылдары Луговой ауданындағы «Коммунизм жолы» колхозы комсомол комитетінің хатшысы, 1977 жылы Луговой аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы болды. 1977-1980 жылдары «Коммунизм жолы» колхозы кәсіподақ комитетінің төрағасы, 1980-1984 жылдары Каменка ауылдық атқару комитетінің төрағасы, 1984-1985 жылдары Луговой аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, 1985-1987 жылдары «Алғабас» қой кеңшары партия комитетінің хатшысы болды. 1987-1995 жылдары Жамбыл атындағы колхозды басқарды. 1995 жылы Тұрар Рысқұлов ауданының ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы болды. 1995-1997 жылдары «Қорағаты» кеңшарының директоры, 1997-2001 жылдары Тұрар Рысқұлов ауданының статистика басқармасының бастығы болды. 2001-2009 жылдары Шу ауданындағы «Берлік» астық қабылдау кәсіпорнын және Меркі ауданындағы «Қазэксим-Мерке» мекемесін басқарды. 2009-2015 жылдары «MOLBAL» ЖШС-ның бас директоры, 2015-2019 жылдары «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрағасы қызметін атқарды. 2019 жылы Қазақстан Фермерлер қауымдастығы басқармасының төрағасы, 2022 жылы «Атамекен» ҰКП Президиумы Агроөнеркәсіп кешені комитетінің төрағасы болды. 2022-2024 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі болды. 2022 жылы Үкімет жанындағы Отандық кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі, 2020-2023 жылдары «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры қызметін атқарды. 2022-2025 жылдары «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төрағасының орынбасары, 2023-2026 жылдары VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

«Құрмет» орденімен және Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Владимир КИМ, «Kazakhmys Holding» ЖШС президенті

ФОТО: HITECHGP.CO.UK

1960 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан облысы) дүниеге келген. 1982 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын Алматы қалалық партия комитетінің аудандық комитетінде нұсқаушы, аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып бастаған. 1995 жылы «Жезқазғантүстімет» АҚ-ның басқарушы директоры және бас атқарушы директоры, 2000 жылы осы компанияның директорлар кеңесінің төрағасы болды. 2005-2013 жылдары «Қазақмыс» (KAZ Minerals) компаниясының директорлар кеңесін басқарды. Кейін KAZ Minerals PLC директорлар кеңесінің атқарушы емес мүшесі болды.

«Құрмет» және I дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған.

Ерлан АЙТЖАНОВ, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі

Фото: Gov.kz

1964 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1990 жылы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1990-1991 жылдары Алматыдағы «Шебер» құрылыс компаниясында заңгер болып бастаған. 1995-2000 жылдары Алматы қалалық сотының судьясы, 2000-2002 жылдары Жетісу аудандық сотының төрағасы болды. 2002-2008 жылдары Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасын, 2008-2009 жылдары Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасын, 2009-2010 жылдары Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасын басқарды. 2010-2011 жылдары Ақтөбе облыстық сотының кассациялық сот алқасының төрағасы, 2011-2016 жылдары Ақтөбе облыстық сотының төрағасы қызметін атқарды. 2016-2021 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық сотын басқарды. 2021-2023 жылдары Алматы қалалық сотының судьясы, 2023 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы болды.

Қазіргі қызметін 2025 жылғы маусымнан бастап атқарып келеді.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасы прокуратурасына 20 жыл», «Қазақстан полициясына 20 жыл» медальдарымен марапатталған.

Жайдарман ИСАҚОВ, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры

Фото: prg.kz

1965 жылы дүниеге келген. 1989 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша, 2003 жылы Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын мұнай-газ саласының заңгері мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1989-2000 жылдары Қазақстандағы заң фирмалары мен компанияларында, банктерде және ҚР Қаржы министрлігінің заң департаментінде жұмыс істеді. 2000-2002 жылдары «ҚазТрансГаз» ЖАҚ заң департаменті директорының орынбасары, 2002-2014 жылдары «ҚазТрансОйл» АҚ заң департаментінің директоры болды. 2014-2020 жылдары осы компанияның құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры, 2020-2022 жылдары бас директорының орынбасары қызметін атқарды.

Қазіргі қызметін 2022 жылғы наурыздан бастап атқарып келеді.

Шыңғыс ӘРІНОВ, Алматы облысының әкімі

Фото: Үкімет

1983 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетін, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын құқықтану мамандығы бойынша, Азаматтық авиация академиясын тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану мамандығы бойынша бітірген. 2022 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры атағын алған.

Еңбек жолы: 2006-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде түрлі офицерлік және басшылық қызметтерді атқарды. 2022-2024 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары — Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы болды. 2024-2026 жылдары Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметін атқарды.

Қазіргі қызметін 2026 жылғы қыркүйектен бастап атқарып келеді.

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне 25 жыл», «Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл» медальдарымен марапатталған.

Арман ЖҮКЕНОВ, Алматы қалалық сотының төрағасы

Фото: sud.gov.kz

1983 жылы Аягөз қаласында дүниеге келген. 2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша, 2006 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институтын магистратура бағдарламасы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Астана қаласының Алматы аудандық сотында сот отырысының хатшысы болып бастаған. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының Қоғаммен байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары бөлімінде бас сарапшы, сол жылы қадағалау алқасының қызметін қамтамасыз ету бөлімінде бас консультант болды. 2009-2014 жылдары Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының, 2014-2015 жылдары Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының судьясы қызметін атқарды. 2015 жылғы қарашадан 2021 жылға дейін Сарыарқа аудандық сотының төрағасы, 2021-2022 жылдары Астана қалалық сотының судьясы болды. 2022-2026 жылдары Ақмола облыстық сотын басқарды.

Қазіргі қызметін 2026 жылғы наурыздан бастап атқарып келеді.

2021 жылғы желтоқсанда «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Шоқыр БӨЛТЕКҰЛЫ, КСРО-ның тұңғыш қазақ спорт шебері, Қазақстандағы бокстың негізін қалаушылардың бірі

Фото: egemen.kz

1916 жылы Маңғыстау облысының Жармыш ауылында дүниеге келген. 1947 жылы Киев көркемсурет академиясы мен дене шынықтыру институтын бітірген.

Шоқыр Бөлтекұлы шаршы алаңда 223 кездесу өткізіп, оның 199-ында жеңіске жеткен. Қазақстан чемпионы атағын үш рет иеленген. Бапкерлер даярлауға да көп күш жұмсаған. Карлаг тұтқынында болған неміс Густав Кирштейн мен балқар Дәулеткерей Мулаевтың босатылып, Алматыда бапкер болып жұмысқа орналасуына көмектескен.

«Қазақфильм» киностудиясында суретші, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызметкер болып жұмыс істеген. Ол тегіндегі «-ов» жалғауынан бас тартып, орнына «-ұлы» нұсқасын қолданған. Осы шешімі үшін бірқатар жеңілдіктен айырылып, қысымға ұшыраған.

Шоқыр Бөлтекұлының құрметіне Маңғыстауда халықаралық бокс турнирі өткізіледі. Ол Кеңсай зиратына жерленген.

2009 жылы Қазақстан бокс федерациясының шешімімен Шоқыр Бөлтекұлының құрметіне өткізілетін дәстүрлі халықаралық турнирге «А» санаты берілді. Бұл мәртебе турнир жеңімпаздарына бокс бойынша «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағын алуға мүмкіндік береді. Турнир AIBA күнтізбесіне енгізіліп, халықаралық мәртебеге ие болды.

Мұзафар ӘЛІМБАЕВ, ақын, әдебиеттанушы, аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері

Фото: instagram.com/balalar_oqy_ortalygy

1923 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. 1948-1958 жылдары «Пионер» журналының бөлім меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторының орынбасары болды. 1958-1986 жылдары «Балдырған» журналының бас редакторы қызметін атқарды.

Алғашқы өлеңдер жинағы «Қарағанды жырлары» 1952 жылы жарық көрді. «Құрбыма», «Лирика», «Менің Қазақстаным», «Жүрек лүпілі», «Өшпес от», «Өлеңдер мен поэмалар» және басқа да жыр жинақтарының авторы. Мұзафар Әлімбаевтың 300-ге жуық өлеңіне ән жазылып, олар халық арасында кеңінен танылды.

Қазақстанның Мемлекеттік Әнұраны мәтінінің авторларының бірі. Қазақ балалар әдебиетіне «Менің ойыншығым», «Отпен ойнама», «Шынықсаң – шымыр боларсың», «Орақ-олақ» сияқты көрнекті шығармалар қосты. «Аспандағы әпке» кітабы үшін Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

Әлем халықтарының мақал-мәтелдерін қазақ тіліне аударып, оларды «666 мақал мен мәтел», «Өрнекті сөз – ортақ қазына», «Мақалнама», «Маржан сөз» кітаптарына топтастырды. А.Пушкин, М.Лермонтов, Тоқтағұл, Я.Райнис және басқа да ақын-жазушылардың шығармаларын қазақшаға аударды. Сондай-ақ «Манас» қырғыз эпосын қазақ тіліне аударуға атсалысты. Мұзафар Әлімбаевтың шығармалары әлемнің көптеген тіліне аударылған.