58 жыл бұрын (1965) әлеуметтанушы, мемлекет және қоғам қайраткері Зарема Кәукенқызы ШӘУКЕНОВА дүниеге келді.
Шымкентте туған. А.А. Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген, психолог (1987).
Еңбек жолы: Қарметкомбинатта психолог, бюро меңгерушісі, әлеуметтік-психологиялық қызметінің бастығы (1987-1997); Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті психология кафедрасының оқытушысы (өндірістік психология, қарым-қатынас психологиясы) (1992-1996); Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлеуметтану кафедрасының оқытушысы (менеджмент әлеуметтануы, бұқаралық ақпарат құралдары әлеуметтануы) (1998-2002); «ЦЕССИ-Қазақстан» салыстырмалы әлеуметтік зерттеулер институтының директоры (1997-2007); «Әлеуметтану-Sosiology» журналының бас редакторы (2009 жылдан); Қазақ мемлекеттік университетінің философия және саясаттану факультетінің деканы (2007-2010); ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары (2010-2011); ҚР Білім және ғылым министрлігі «Философия, саясаттану және дінтану институты» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (2011-2017); ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры (2017-2022).
Ахмет Байтұрсынов атындағы орден (2015); «Астанаға 10 жыл» (2008), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «Астанаға 20 жыл», Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі (2016), «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚазСҒЗИ 25 жылдығы» мерейтойлық медалі (2018); Қазақстан Республикасы Ғылым Министрлігі мен Білім Министрлігінің «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісі (2003) «Ы. Алтынсарин» (2009), «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» (2014) медальдарымен марапатталған.
55 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уәлихан Әмірханұлы ТӨРЕХАНОВ дүниеге келді.
Шымкент қаласында дүниеге келген. М. Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтын, Қарағанды экономикалық университетін бітірді.
Еңбек қызметі: тарих пәнінің мұғалімі; ҚР Сыртқы iстер министрлiгi орталық аппаратының және оқу орындарының кадр жұмысы басқармасының бастығы, аппарат басшысының орынбасары; Әкімшілік және бақылау департаментінің және ТМД департаментінің директоры; Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының Экономикалық саясат және сауда бөлімі басшысының орынбасары; ҚР Сыртқы істер министрлігі Орталық Азия департаментінің директоры.
Қазіргі қызметін 2022 жылдың наурызынан бастап атқарып келеді.
49 жыл бұрын (1974) кәсіпкер, ҚР NOMAD ММА федерациясының президенті, ҚР Пенчак Силат қауымдастығының президенті Гаджи Шапиұлы ГАДЖИЕВ дүниеге келді.
Менеджмент және бизнес институтын бітірген. Ресей Федерациясының Қаржы және құқық институты (2003-2009); Қазақ көлік университеті (2013-2015); Қазақ көлік университеті, магистратура (2016); Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясы (2019).
Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасында сауда саласында жұмыс істеді (1994); «Жол жөндеуші компаниясы» ЖШС басқарушы директоры (2015-2017); «Найза-Құрылыс» концерні бақылау кеңесінің төрағасы (2016-2017); «SA construction group» ЖШС бас директоры (2017 жылдан бастап).
Ресей кунг-фу федерациясының Азиядағы өкілі, Қазақстан Республикалық жекпе-жек өнері одағы Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі; Қазақстанның NOMAD ММА республикалық федерациясының президенті, Қазақстан Республикасы Пенчак Силат қауымдастығы, ММА Қазақстан аралас жекпе-жек біріккен федерациясының вице-президенті.
42 жыл бұрын (1981) Семей қаласының әкімі Нұрбол Төлегенұлы НҰРСАҒАТОВ дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. 2003 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша тәмамдаған. 2005 жылы екінші жоғарғы білімін Л.В. Гочаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетінде алған.
2005-2008 жылдары қала әкімдігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында бас маман, бөлім басшысы, директор орынбасары болған. 2008-2011 жылдары Астана қаласы әкімдігінің Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары; 2011-2012 жылдары Ауыл шаруашылығы Министрлігінің су ресурстары Комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған. 2014-2019 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Көлік және автомобиль жолдары басқармасына, Алматы қаласы әкімдігінің Құрылыс басқармасына және Астана қаласы әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау басқармасына басшылық жасады. Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі (2020-2021). Астана қаласы «Алматы» ауданының әкімі (2021-2022).
2022 жылдың қаза айынан бастап қызмет етеді.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен марапатталған (2016).
40 жыл бұрын (1983) «ҚазАвтоӨнеркәсіп» ЗТБ басқарма төрағасы Асқар Сапарұлы ӘМІРТАЕВ дүниеге келді.
«Болашақ» бағдарламасының түлегі, Ұлыбританияның Уорвик университетін халықаралық корпоративтік басқару және қаржылық реттеу (LLM) мамандығы бойынша (2010), Алматы қаласындағы Заң институтын бітірген (2004).
Еңбек жолы: «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ бас заңгері (2008-2009); «Астана Финанс Банкі» АҚ Заң департаментінің директоры (2010-2011); «Қазақстанның Даму банкі» АҚ Заң департаменті директорының орынбасары (2011); «ҚазАгроҚаржы» АҚ құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы (2012); «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС бас заңгері (2012-2013); «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры (2013-2014); «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарушы директоры (2014-2015); «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма мүшесі, басқарушы директоры (2015-2020).
Қазіргі қызметін 2020 жылдың наурыз айынан бері атқарып келеді.
30 жыл бұрын (1993) рэпер, әнші, продюсер Бахтияр Гусейнұлы МАМЕДОВ (Jah Khalib) дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Музыка мектебінің саксофон сыныбында оқыды. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының музыкатану және менеджмент факультетін бітірген.
Ол көптеген қазақ рэперлерімен жұмыс істеді, соның ішінде Introvert, PR’OXY, Santos, Antrax, Hirosima және т.б. Өзінің тректері таратылған әлеуметтік желілердің арқасында кеңінен танымал болды. Соның ішінде кең танымал болғаны – «Сенің көздерің», «SnD» және «Сен мен үшін» алғашқы тректері.
2015 және 2016 жылдары ол Forbes Kazakhstan журналының шоу-бизнес және спорт жұлдыздарының тізіміне енді. 2016 жылы «If Che, I am Bach» жеке альбомын шығарды. 2017 жылы менеджерімен бірге «Лейла» әніне бейнебаян түсірді. Сол жылы Муз-ТВ арнасының сыйлығына ие болды. 2018 жылы Мәскеуде «Медина» әні үшін «Алтын граммофон» алды. 2019 жылы «Coming Out» альбомын шығарды.