ЕСІМДЕР
57 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уәлихан Әмірханұлы ТӨРЕХАНОВ дүниеге келді.
Шымкент қаласында дүниеге келген. М. Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтын, Қарағанды экономикалық университетін бітірді.
Еңбек жолы: тарих пәнінің мұғалімі; ҚР Сыртқы iстер министрлiгi орталық аппаратының және оқу орындарының кадр жұмысы басқармасының бастығы, аппарат басшысының орынбасары; Әкімшілік және бақылау департаментінің және ТМД департаментінің директоры; Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының Экономикалық саясат және сауда бөлімі басшысының орынбасары; ҚР Сыртқы істер министрлігі Орталық Азия департаментінің директоры.
2022 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
53 жыл бұрын (1972) ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Сағынтайқызы БЕЙСЕНОВА дүниеге келді.
Ақмола облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын, Тұран-Астана университетін бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Ақмола облыстық онкология диспансерінде санитар болып бастаған. 1996-1998 жылдары Ақмола қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық стансасының дәрігер-эпидемиологы, 1998-1999 жылдары Ақмола облыстық Ішкі істер басқармасының дәрігер-эпидемиологы, 1999-2002 жылдары Астана қаласы Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы эпидемиологиялық бөлімінің дәрігер-эпидемиологы, меңгерушісі, 2002-2007 жылдары Астана қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы қызметінде болды. 2007-2009 жылдары Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары – Астана қаласы бас санитарлық дәрігерінің орынбасары, 2009-2011 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Астана қаласы бойынша департаменті директорының орынбасары, 2011-2014 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Астана қаласы бойынша департаменті директоры, 2014-2015 жылдары ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы, 2015-2017 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары, 2017-2019 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары, 2019-2020 жылдары Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Астана қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары лауазымын атқарды. 2020-2024 жылдары Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болды.
Қазіргі қызметін 2024 жылғы қыркүйектен бері атқарып келеді.
50 жыл бұрын (1975) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ директорлар кеңесінің төрағасы Қамбар Тәтібайұлы ОМАРОВ дүниеге келді.
Жамбыл облысының Жаңатас қаласында туған. Х. Дулати атындағы Тараз университетін «Экономика және басқару» мамандығы бойынша, Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы, ақша айналымы, несие» мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы: 2017-2018 жылдары «Қазақстан инжиниринг «Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі, 2019 жылдары «Анталия Бронз Кастинг Корпорация» БК» ЖШҚ Экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті, 2019-2020 жылдары CSI тобының серіктесі, «CSI kapital» директоры болды. 2020 жылы CSI тобының Басқарушы серіктесі, 2020-2021 жылдары «TSC Global Kazakhstan» Консалтингтік компаниясы» ЖШС Басқарушы серіктесі болды. «Бәсекелестік құқық, инновациялар және саясат халықаралық орталығы – UNCOCLUP» Консалтингтік компаниясы» ЖШС Бас директоры қызметін атқарды. 2021-2022 жылдары «Қазақпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі» АҚ тәуелсіз директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі болды.
«Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ Бас директорының кеңесшісі.
2025 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі қызметінде.