29 қыркүйек күні Қазақстандағы метеожағдай қандай болады

АCТАНА. ҚазАқпарат - Қыркүйектің 29-ы күнгі метеорологиялық жағдай үш қаланың атмосферасында ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Синоптиктердің ақпараттарына қарағанда, Қарағанды, Балқаш және Теміртау қалаларында жайсыз метеожағдай сақталады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.