ЕСІМДЕР
54 жыл бұрын (1970) «ЕуроАзия Констракшн» АҚ директоры Асқар Әкімбайұлы ӘУБӘКІРОВ дүниеге келді.
Қызылорда қаласында туған. Мәскеу суландыру институтын инженер-гидротехник мамандығы бойынша, Еуразиялық нарық институты «экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1994-1997 жылдары «Казкоммерцбанк» ААҚ Қызылорда филиалының жинақ бөлімінің бастығы, «Қазақойл» ҰОК өкілдігінің қаржы бөлімінің меңгерушісі, Атырау, 1997-1998 жылдары «Ембімұнайгаз» ААҚ қаржы-экономикалық талдау бөлімінің қаржылық талдау бөлімінің бастығы, 1998-1999 жылдары «Ембімұнайгаз» ААҚ қаржы дирекциясының директоры, 1999-2000 жылдары «Ембімұнайгаз» ААҚ бірінші вице-президенті, «Қазақойл-Ембі» ААҚ бірінші вице-президенті, 2000-2001 жылдары «Өзенмұнайгаз» ААҚ экономика жөніндегі бірінші вице-президенті, 2001-2002 жылдары EuroAsia-Group басқарма төрағасы, 2002-2004 жылдары «Ембімұнайгаз» ААҚ экономика жөніндегі бірінші вице-президенті, 2004-2005 жылдары «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ «Ембімұнайгаз» ӨФ директорының экономика және қаржы жөніндегі бірінші орынбасары, 2005-2008 жылдары «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директорының корпоративтік даму және активтерді басқару жөніндегі орынбасары, 2008-2009 жылдары «KazEnergy» қауымдастығы» ММ атқарушы директоры, «Каспий мұнай» АҚ «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директорының корпоративтік даму және активтерді басқару жөніндегі орынбасары болды.
2022 жылдың қарашасынан бері қазіргі қызметінде.
47 жыл бұрын (1976) «Қазақстан Алюминий» АҚ президенті Роман Сергеевич РОМАНОВ дүниеге келді.
Алматыда туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін экономика және менеджмент мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы: 1997-2001 жылдар аралығында ҚР Ұлттық банкінде экономист, банктік бақылау департаментінің №1 банкілік бақылауды преденциалдық реттеу басқармасының меңгерушісі, банктік бақылау департаменті лицензиялау мен банкілік аудитті бақылау секторының меңгерушісі, қызметі тек банкілік басқарудан ғана тұратын ұйымдарды бақылау бөлімінің басшысы, банктік бақылау департаментінің банкілік операциялардың жекелеген түрлерімен ғана айналысатын ұйымдарды бақылау бөлімнің жетекшісі және банктік бақылау департаментінің бас маман-экономисі және бас экономисі болып еңбек еткен. 2001-2004 жылдар аралығында халықаралық «ПрайсуотерхаусКуперс» компаниясының аудиторлық және бизнес консультациялар бөлімінің консультанты және аға консультанты. 2005 жылдан бері «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті, экономика және қаржы, коммерциялық мәселелер жөніндегі вице-президенті, аппарат басқармасының қаржы директоры, басқарма аппаратының бірінші вице-президенті қызметтерін атқарды. 2015-2018 жылдары «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ президенті болды.
Қазіргі қызметінде 2018 жылғы наурыз айынан бері.
«Құрмет» орденімен, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» салалық белгісімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
46 жыл бұрын (1987) Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Берікұлы СӘТТІБАЕВдүниеге келді.
Жамбыл облысында туған. Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебін бітірген, мемлекеттік саясат магистрі; Эссекс университеті, Ұлыбритания; Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті экономика; Қазақстан Банк академиясының колледжі (2005).
Еңбек жолы: «Лариба-Банк» АҚ несие бөлімінің маманы, жетекші маманы (2005-2007); «Альянс Банк» АҚ бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің жетекші маманы (08.2007-11.2007); «Астана-Финанс Банкі» АҚ филиалының бэк-офис менеджері (филиал директорының орынбасары), бас бухгалтері (2008-2009); Халықаралық қызмет және қаржылық талдау департаментінің бас маман-сарапшысы, бас сарапшысы (2010-2015); БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің Сауда және инвестиция департаментінде жұмыс істеді, Сингапур (2014-2015); Инвестициялар және даму министрлігі Стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы (06.2015-09.2015); Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы (09.2015-12.2015); Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары (2015-2018); «Каспий» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының штаттан тыс кеңесшісі (2018-2020); «Каспий» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (01.2020-07.2020);
2020 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.