29 мамыр, БЕЙ СЕНБІ
БҰҰ-ның Халықаралық бітімгершілер күні. 2003 жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі. 2002 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы қарарымен бекітілген. Қарарда БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге, үкіметтік емес ұйымдарға және жекелеген азаматтарға БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау мақсатындағы операцияларының құрамында қызмет істеген адамдарға құрмет, сонымен қатар қаза болғандарды есте сақтау күні ретінде атап өту ұсынылған
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
1 9 жыл бұрын (1995) республикалық «Үкілі үміт» сазгерлер байқауы басталды.
1 8 жыл бұрын (1996) Елбасы Н.Ә.Назарбаев Сингапурға ресми сапарымен барып, Сингапурдың Премьер-Министрі Го Чок Гонгпен кездесті. Кездесу барысында Азияның екі мемлекеті арасындағы ынтымақтастық, іскерлік байланыстар жөнінде әңгіме қозғалды.
1 6 жыл бұрын (1998) «Жас Астана - жастардың көзімен» атты республикалық фестиваль өтті. Алғашқы жылдары Астана күніне орайластырылған бұл байқауға еліміздің жер-жерінен келген жас тілшілер бас қосып, белгілі бір уақыт ішінде дайындаған өздерінің еңбектерін әкеліп, пікір алмасуға мүмкіндік алды. Кейін келе, аталған фестиваль өзінің ауқымын кеңейтіп, жалпы мазмұнын, бағытын өзгертті. Шағын байқау 2002 жылы «Еуразия сақинасы» деген жастар ақпараттық форумына айналды. Аталмыш фестивальді ұйымдастырушы қазақстандықтарға танымал журналист - Светлана Ахметжанқызы Ғалиева.
7 жыл бұрын (2007) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде өзара іс-қимыл жасау туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңына қол қойды.
5 жыл бұрын (2009) жамбылдық жазушы, журналист Бақтияр Әбілдәұлының «Шапырашты Наурызбай батыр» деп аталатын жаңа кітабы жарық көрді. Тарихи-деректі роман XVIII ғасырда жоңғарлардың басқыншылығына қарсы соғыста даңқы шыққан қазақтың қолбасшысына арналған. Тарихшылардың мәліметі бойынша, осы азаттық үшін болған шайқаста миллионнан астам қазақтар опат болған.
Бақтияр Әбілдәұлы осы деректерді Ресей мұрағаттарынан тапты. Олардың негізінде деректі-көркем роман жазып шықты. Бақтияр Әбілдәұлының «Шапырашты Наурызбай батыр» романының таныстырылымы Қазақстан Жазушылар одағы өкілдерінің және қалың жұртшылықтың қатысуымен батырдың туған жерінде, Алматы облысының Қаскелең қаласында өтті. Романның авторына Алматы облысындағы Қарасай ауданының құрметті азаматы атағы берілді.
ЕСІМДЕР
7 5 жыл бұрын (1939) техника ғылымының кандидаты, Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар академиясының, Халықаралық минералдық ресурстар академиясының академигі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі ШТОЙК Гарри Гвидович дүниеге келді.
Ресейде туған. 1978-1980 жылдары - Қазақ КСР Түсті металлургия министрлігі Қорғасын-мырыш өнеркәсібі басқармасының бас байытушысы. 1980-1986 жылдары - Зыряновск қорғасын комбинаты байыту фабрикасының бастығы. 1986-1990 жылдары - Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинатының директоры. 1992-1993 жылдары - «КРАМДС-Өскемен» акционерлік қоғамының президенті. 1993-1994 жылдары - «Лениногор полиметалл комбинаты» акционерлік қоғамының президенті. 1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және сауда министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары. 1996-1998 жылдары - «Қазмырыш» жабық акционерлік қоғамының президенті. 1998-2003 жылдары - «Қазмырыш» АҚ Бақылау кеңесінің төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі. 2003 жылдан «Қазмырыш» АҚ президентінің кеңесшісі.
Оның 30-дан астам ғылыми еңбегі жарық көрген, 17 авторлық куәлігі бар.
«Еңбек Қызыл Ту», «Қазан төңкерісі» ордендерімен, медальармен марапатталған.
7 4 жыл бұрын (1940-2003) альпинист, география ғылымдарының кандидаты, спорт шебері, КСРО Қарулы Күштері мен Кеңес Одағы біріншіліктерінің чемпионы, бірнеше дүркін жеңімпазы ПОПОВ Виктор Иванович дүниеге келді.
Ресей Федерациясының Мәскеу облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
Қазақстан Республикасы Альпинизм федерациясының вице-президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық Альпинизм федерациясының атқарушы директоры, «Вестник гор» жинағының жауапты редакторы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі География институтының жетекші ғылыми қызметкері, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет) туризм кафедрасының доценті қызметтерін атқарған.
Одақ кезінде «жетімыңдық» шыңдарын бағындырудағы экспедицияны басқарған. Африканың Килиманджаро жанартауы мен Тянь-Шань, Памир, Кавказ, Алтай, Камчатка, Альпы таулы аудандарындағы шыңдарға өрлеуге қатысқан.
Одақта алғашқы рет қыста Мәрмәр қабырғасы шыңын бағындырған. Памирдегі Ленин - Раздельная шыңы, Хан-Тәңірі шыңы, Тянь-Шандағы Жеңіс шыңы, Альпі шыңындағы Кристатурм қабырғасына өрлеуге қатысқан.
«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.
60 жыл бұрын (1954) «Астана қаласы бас жоспарының ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС директоры, сәулетші ДОСМАҒАМБЕТОВ Байыр Фарденұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. «Қазқалақұрылысжоба» институтының сәулетшісі, аға сәулетшісі, топ жетекшісі, шеберхана бастығы қызметтерін атқарған. 1988-1993 жылдары - Қазақстан Мемлекеттік құрылыс комитеті бас басқармасының бастығы, комитет төрағасының бірінші орынбасары. 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрінің бірінші орынбасары. 1995-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Ақмоладағы жоғары және орталық мемлекеттік органдарды қайта орналастыру мемлекеттік комиссиясы төрағасының орынбасары - аппарат басшысы. 1998-2000 жылдары - Астана қалалық сәулет және қала құрылысы департаментінің бас сәулетшісі. Қазіргі қызметінде 2000 жылдан бастап істейді.
Медальмен марапатталған.
4 4 жыл бұрын (1970) Атырау облыстық бокс әуесқойлары федерациясының бірінші вице-президенті ӘУБӘКІРОВ Асқар Әкімбайұлы дүниеге келді.
Қызылорда облысында туған. Мәскеу гидромелиоративті институтын, Еуразиялық нарық институтын бітірген.
Қызылорда қаласындағы «Көктем» шағын жеке кәсіпкерліктің директоры, «Казкоммерцбанк» ААҚ Қызылорда облыстық филиалының жинақтау бөлімінің меңгерушісі, Атырау қаласындағы «Қазақойл» ҰМК қаржы бөлімінің менеджері, «Эмбамұнайгаз» ААҚ экономикалық анализдің және қаржы бөлімінің меңгерушісі, қаржы дирекциясының директоры, бірінші вице-президенті, «Қазақойл-Эмба» ААҚ-ның бірінші вице-президенті, «Өзенмұнайгаз» ААҚ бірінші вице-президенті, «EuroAsiaGroup» басқарма төрағасы, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның «Эмбамұнайгаз» өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның бірлескен даму және активтерді басқару бойынша бас директордың орынбасары, «Ассоциация «KazEnergy» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры қызметтерін атқарған. Ұлттық ядролық орталығы бас директорының орынбасары,
4 1 жыл бұрын (1973) жазушы, ақын, Қазақстан жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, орыс ПЕН-орталығының мүшесі, «Сорос-Қазақстан» әдеби конкурсының лауреаты ОМАР Әсел дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. М.Горький атындағы әдебиет институтын, Бүкілресейлік Сыртқы сауда академиясының Мәскеудегі халықаралық бизнес институтын бітірген. «Новое поколение» газетінде жұмыс істеген. 1998 жылы «Жібек жолы» баспа үйінде бас редактор болған. Түрік тілді жазушылардың шығармаларын орыс тіліне аударған. Көптеген өлең, әңгімелері бар.
9 7 жыл бұрын (1917-1963) АҚШ-тың 35-президенті Джон КЕННЕДИ дүниеге келді.
Бруклайнда, Массачусетс штатында туған. Гарвард университетін үздік бітірді.
1960-1993 жылдары АҚШ президенті болды. 1963 жылы жаңа сайлауға әзірлік кезінде әйелі Жаклинмен елді аралап сапарға шыққанда Далласта (Техас штаты) Джон Кеннеди ауыр жараланып, ауруханаға барар жолда қайтыс болды.
8 8 жыл бұрын (1926) Сенегалдың 3-ші президенті (2000-2012) Абдулай ВАД дүниеге келді.
70 жыл бұрын (1944-1983) Гренаданың саяси қайраткері, 1979-1983 жылдардағы мемлекет басшысы Морис БИШОП дүниеге келді.
6 1 жыл бұрын (1953-2008) кеңестік және ресейлік театр және кино актері, кинорежиссер, Ресей халық әртісі АБДУЛОВ Александр Гаврилович дүниеге келді.
3 3 жыл бұрын (1981) ресейлік футболшы, Ресейдің еңбек сіңірген спортшысы АРШАВИН Андрей Сергеевич дүниеге келді.
64 жыл бұрын (1950) РФ халық әртісі ИЦКОВ Юрий Леонидович -дүниеге келді.