«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, шаңды дауыл, күндіз 15-20 м/с екпінде жел күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, 15-20 м/с жылдамдықта жел болжанады.
Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Атырау, Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с артады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.
Сондай-ақ күндіз Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Алматы облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.
Қызылорда, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.