29 маусым, ЖҰМА
Славян бірлігі және достығы күні (Ресей, Украина және Беларустың шекара аймағында атап өтіледі).
Сейшель аралдары Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1976). Сейшель аралдары мемлекеті Мадагаскар аралының солтүстік-шығысында, Үнді мұхитындағы 115 аралда орналасқан. Әкімшілік-аумақтық жағынан 23 округке бөлінеді. Астанасы - Виктория қаласы. Ресми тілі - креоль, ағылшын және француз тілдері. Ұлттық ақша бірлігі - сейшель рупийі.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
20 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы мен Люксембург Ұлы герцогтығының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.
14 жыл бұрын (1998) Тараз мемлекеттік университетінде XVI ғасырда өмір сүрген белгілі тарихшы, әдебиетші, философ, «Тарихи Рашидидің» авторы М.Х.Дулатиге мүсінтас қойылды.
11 жыл бұрын (2001) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймақ құру туралы» Жарлыққа қол қойды.
80 жыл бұрын (1932) КСРО Ауыр өнеркәсіп халық комиссариатының алқасы «Балқаш маңы мыс қорыту комбинатының құрылыс туралы» қаулы қабылдады.
48 жыл бұрын (1964) Мақат-Ақтау темір жолының құрылыс аяқталды.
48 жыл бұрын (1964) теледидарды алыстан басқару пульті жасалды.
7 жыл бұрын (2005) Мемлекет басшысы «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
7 жыл бұрын (2005) Оралда Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кенішіндегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Батыс Қазақстан облысы әкімшілігі және Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. компаниясы арасында өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылды.
7 жыл бұрын (2005) Семейде қазақстан ғалымы, абайтанушы, профессор, жазушы, драматург, Абай атындағы сыйлықтың лауреаты Қайым Мұхамедхановтың (1916-2004) шығармалар жинағының бірінші томы жарық көрді.
Шығармалардың бірінші томына «Абайдың әдебиет мектебі», «Абай шығармаларының текстологиясы» еңбектері және танымал адамдар туралы мақалалары енді. Саяси қуғын-сүргін жылдары бұл зерттеулерге тыйым салынған, ал авторды «халық жауы» деп айыптап 25 жылға түрмеге қамаған.
Жинаққа кірген Қайым Мұхамедхановтың хаттары мен суреттері ғалымның отбасылық мұрағатынан алынған.
3 жыл бұрын (2009) Астанада өткен Қала құрылысын салушылардың «Қазақстан-2009» VIII форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Қала құрылысын салушылар одағының Алтын медалімен марапатталды.
3 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың болашақ собор мешіті құрылысының орнына ескерткіш капсуласын орналастырды және оны «Хазрет Сұлтан» деп атады.
Мешіттің сәулет жобасының бәйгесіне 26 жұмыс түскен. Соның ең үздігі болып «KAZGOR» жобалау академиясы таңдалған.
Орталық бас мешiттiң намаз оқитын залы 12 бұрыштан тұрады. 12 бұрыш негізінің төбесі 40 метрлік күмбезбен орналасады. Мешітте бір мезгілде 5000 адам мінажат ете алады.
ЕСІМДЕР
104 жыл бұрын (1908-1978) әдебиет зерттеушісі, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі СМИРНОВА Нина Сергеевна дүниеге келді.
Мәскеу мемлекеттік университетін және аспирантурасын бітірген. 1939-1945 жылдары - Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) оқытушысы, кафедра меңгерушісі. 1945 жылдан Қазақстан Ғылым академиясы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкер болған. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ фольклортану ғылымы мәселелеріне: қазақтың ауызша тараған поэтикалық шығармаларының тарихи даму жолдары, эпос, айтыс және қазақ ауыз әдебиетінің басқа жанрлары, фольклор мен жазба әдебиетінің байланысы мәселелеріне, қазақ фольклортану тарихына, т.б. арналған. «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Қазақ фольклористикасы», т.б. еңбектерді шығаруға атсалысқан. М.Әуезовпен бірге эпикалық туындылардың («Қамбар батыр», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Алпамыс батыр», «Қыз Жібек») ғылыми басылымдарына басшылық жасаған. Жамбыл шығармалары туралы зерттеу еңбек, Қазақстандағы орыс мектептері үшін қазақ әдебиеті оқулықтарын (М.Сильченкомен бірге), қазақ ауыз әдебиеті жөніндегі бағдарламалар, ауыз әдебиетін жинау жөнінде әдіснамалық нұсқаулар жазған.
54 жыл (1958) «Қазақстан» телерадио корпорациясы» акционерлік қоғамының аймақтық хабар таратуды дамыту дирекциясның директоры, ТМД журналистері конфедерациясы сыйлығының лауреаты ОЛЖАЙ Қайнар Қалиақпарұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. «Лениншіл жас» газетінің тілшісі, аға тілшісі, Орталық Қазақстан бойынша арнаулы тілшісі болған. 1988-1993 жылдары - «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі. 1993-1997 жылдары - «Атамұра» газеті редакторының орынбасары, «Бірлік» газетіінң бас редакторы, «Түркістан» газеті редакторының орынбасары. 1997 жылдан «Хабар-2» каналының комментаторы, директордың орынбасры, директоры, «Хабар» агенттіггі» акционерлік қоғамының бас продюсері болған. «Президент пырағы» атты кітаптың, «Мың бір мақал», «Тіл», «Солай болған», «Көзкөрген», «Қазақстан», «Төрттаран», т.б. бағдарламалардың авторы.
93 жыл бұрын (1919-1944) Кеңес Одағының Батыры НҰРЖАНОВ Қазбек Бисенұлы дүниеге келді.
Қарағанды облысында туған. Ол 1942 жылдың сәуірінен 5-ші атқыштар дивизиясына қарасты 61-ші жойғыштар дивизионының құрамында бро бұзғыштар бөлімшесінің, кейін барлаушылар взводының командирі болып ұрысқа қатысты. Волга, Орел, Зуш, Десна, Сож, Днепр, Березина өзендерінен өту кездерінде асқан ерлік көрсетті. Волковск қаласын алу кезіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетіп қаза тапты. Қазір Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында Қ.Нұржанов атындағы орта мектеп бар. 2008 жылы Минск қаласында Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге ескерткіш орнатылған.
«Ленин», «Қызыл Жұлдыз», 3-ші дәрежелі «Даңқ» орденімен, медальдармен марапатталған.
73 жыл бұрын (1939-1987) биология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Лениндік сыйлықтың лауреаты АЙТХОЖИН Мұрат Әбенұлы дүниеге келді.
Петропавл қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. 1978-1983 жылдары - Ботаника институтыынң директоры. 1983-1987 жылдары - Молекулалық биология және биохимия институтының директоры. 1986-1987 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті қызметін атқарған.
М.Айтқожин клеткалық макромолекулалардың синтезі саласында аса құнды зерттеу жұмыстарын жүргізді. Эукариоттық клеткаларда кездесетін клеткалық бөлшектердің жаңа класын, ақпараттық рибонуклеин қышқылдарының рибонуклеопротеидтік түрін - информосоманы ашқан. Айтхожин бидай дәнінің эмбриогенезі, пісіп-жетілуі, тұқымнан өнуі кезінде оның клеткаларында жүретін құбылыстарды: ақпараттық рибонуклеин қышқылдарының биогенезін, түзілуін, сақталуын және оның құрылымдық ерекшеліктерін зерттеді. Өсімдік рибосомаларының физикалық-химиялық қасиеттерін анықтап, олардың жануар рибосомаларына ұқсас екенін байқады. Жануар мен өсімдік клеткаларының суббөлшектерінен тұратын әрекеті күшті будан рибосомалар алуға, оларды зерттеуге болатынын тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Бұл зерттеулердің эволюциялық теорияны дамытуда үлкен маңызы болды. Биохимиялық тәжірибелерді автоматтандыру саласында белсенді басшылық жасады. 1983 жылы Қазақстан Ғылым академиясы жанынан Молекулалық биология және биохимия институтын ашқан. Осы институт құрамында клеткалық және генетикалық инженерия, трансгеноз лабороторияларын, Биотехнология орталығын ұйымдастырған.
М.Айтқожин есімі молекулалық биология және биохимия институтына, Петропавл қаласындағы орта мектепке берілген. Алматыда ғалым тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылған. Оның есімі Қазақстанның құрмет кітабына енгізілген.
«Халықтар достығы» орденімен, Халықаралық бейбітшілік қорының Алтын медалімен марапатталған.
57 жыл бұрын (1955) композитор, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы музыкатану және менеджмент факультетінің оқытушысы ДӘЛДЕНБАЕВ Бейбіт Әбілұлы дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Алматы консерваториясын (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) профессор А.Жұбанов класы бойынша бітірген.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясындағы фольклорлық зертхананың меңгерушісі қызметін атқарған.
«Амангелді сарбаздары», «Қаһармандық фреска» атты симфониялық поэмалардың, «Отты жер» симфониясының, соло, хор мен оркестрге арналған «Достық ұраны» салтанатты одасының, аспаптық пьесалардың, романстардың, балладалардың, балалар хорының, көптеген әндердің, тағы басқа музыкалық шығармалардың авторы.
52 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры БЕКЕНОВ Сырым Еркінұлы дүниеге келді.
Ақмола облысында туған. Көкшетау автомеханикалық техникумын, Лениндік комсомол атындағы Түмен индустриалдық институтын, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген.
«Ұлар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, «Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны тіркеу бөлімінің регистраторы, құжаттарды қабылдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бақылау және маркетинг әкімшілігі бөлімінің бастығы, «Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бірінші орынбасары, директоры, «Ақпараттық-презентациялық орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бас директорының орынбасары, Астана қаласы Әділет департаменті бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңға сәйкес актілер департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының орынбасары қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2008 жылдың желтоқсан айынан.
71 жыл бұрын (1941) химия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі сыйлығының және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қаныш Сәтбаев атындағы сыйлықтың иегері ПІРӘЛИЕВ Қалдыбай Жайлауұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында туған. Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1965-1994 жылдары - Қазақстан Ғылым Академиясының Бектұров атындағы Химия ғылымы институтының аға зертханашысы, инженері, кіші, аға, жетекші, ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі. 1994-2005 жылдары - Қазақстан Ғылым Академиясының Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты директорының орынбасары. 1994 жылдан Қазақстан Ғылым Академиясынының Бектұров атындағы химия ғылымдары институты дәрі-дәрмек химиясы зертханасының меңгерушісі, Алматы үздіксіз білім университетінің ректоры қызметтерін атқарып келеді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармакопеялық комитетінің мүшесі, Диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары, Республикалық іргелі зерттеулер кеңесінің мүшесі болып табылады. Сондай-ақ «AAPS» Америка фармацевтика ғалымдары Ассоциациясының мүшесі, Қазақ КСР Министрлер Кеңсінің мемлекеттік ғылыми стипендиясының жеңімпазы. Соңғы жылдары Америка азаматтық зерттеулер және даму қорының (CRDF) 3 гранты, АҚШ-тың Оклахома және Нью-Йорк университеті, INTAS гранты бойынша Бельгияның Гент университетінің ғалымдарымен тығыз байланыста жұмыстар жүргізуде. Жаңа дәуірлік заттарды іздестіру және өндіріске енгізу жолындағы жетістіктері үшін Америка фармацевтика ғалымдарының Ассоциациясына мүшелікке қабылданған.
Республикада тұңғыш рет депрессияға қарсы жатрылай синтетикалық дәрілік зат - цефедрин өндіру мен медицинада қолдануды іске асырған.
Ғалымның 700-ге жуық ғылыми еңбегі, 200-дей патенті бар. 26 химия ғылымы кандидатын, 4 докторын даярлаған.
«КСРО өнертапқышы» белгісімен, медальдармен марапатталған.
41 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, халықаралық экономикалық даму бойынша магистр ОРЫНБАЕВ Ербол Тұрмаханұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының тұрғыны. Михаил Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Дьюк университетін (АҚШ, Солтүстік Каролина, Дарем қаласы) бітірген. Еңбек жолын «Ақ бастау» Шымкент банкінің маманы болып бастаған. 1993-1995 жылдары - Мәскеу қаласы «Фьючер» банкінің басқарма төрағасының орынбасары. 1995-1996 жылдары - Шымкент қаласындағы «Weikfield Inspection Services Ltd.» Ливерпульдік сертификатталған мақта компаниясы бас директоры. 1996-1997 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 1997-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Көшіқон және демография жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары міндетін атқарушы. 1998 жылы - Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформа жөніндегі агенттігі бюджеттік бағдарламалау басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсңсінің бас эксперті. 1998-1999 жылдарым- Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің әлеуметтік экономикалық реформалар мәселелері жөніндегі бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы мемлекеттік істер жөніндегі агенттігі мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры. 2002 жылы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік істер жөніндегі агенттігі төрағасының көмекшісі. 2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вицеминистрі. 2003-2004 жылдары - «Маркетингтік сараптамалық зерттеулер орталығы» АҚ басқармасының төрағасы. 2004-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары- экономикалық саясат басқармасының бастығы. 2005-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі Әлеуметтікэкономикалық қабылдау бөлімінің меңгерушісі. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі бьасшысының орынбасары. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-министрі канцеляриясының бастығы. 2008 жылы - Қазақстан Республикасы Премьер-министрдің орынбасары. Қазіргі қызметінде 2011 жылдың сәуірінен бастап істейді.
2009 жылдың қазанынан бастап Астана жаңа университеті АҚ (2010 жылдың маусымынан «Назарбаев Университеті» АҚ), директорлар кеңесінің мүшесі, «СК-Фармация»м ЖШС қадағалау кеңесінің төрағасы болып табылады.
41 жыл бұрын (1971) заң ғылымының докторы, Лейден (Нидерандия) университетінің заң факультеті шығаратын «Review of Central and East European Law» ғылыми журналының редакциялық кеңесінің мүшесі, Каспий қоғамдық университетінің профессоры ҚАРАҒҰСОВ Фархад Сергейұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Мемлекет және құқық институтының аспирантурасын бітірген. Британдық кеңес бағдарламасы шеңберінде Ален&Овери халықаралық заңгерлік фирмасының Лондондағы офисінде сынақ мерзімінен өткен. 1993-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Мемлекет және құқық институтының ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушысы. 1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің заңнама бөлімі секторының аға сарапшысы, меңгерушісі. 1997-1998 жылдары - «Қаржы нарықтары институты» қоғамдық қорының президенті. 1998-2000 жылдары - «Кудер Брозерс» халықаралық заң фирмасының Алматыдағы офисінің заңгері. 2000-2006 жылдары - «Қазақстан халық банкі» АҚ басқармасы төрағасының кеңесшісі, заң департаментінің директоры, басқарушы директоры. 2006-2007 жылдары - «Бэйкер және Макензи» компаниясының кеңесшісі. 2007-2009 жылдары - «Қазақстан халық банкі» АҚ бас заң кеңесшісі. 2008 жылдан - Каспий қоғамдық университетінің профессоры, 2010 жылдың шілдесінен - «Sky Bridge Capital» ЖШС-нің құқық жөніндегі басқарушы директоры.
«Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздардың құқықтық тәртібі», «Инвестициялық қорлар: сауалдар мен жауаптар», т.б. кітаптарының және Қазақстанда, таяу және алыс шетелдерде қазақ, ағылшын тілдерінде жарияланған еңбек қатынасына, валюта және банкі заңнамаларына, азаматтық құқық мәселелеріне арналған 80 ғылыми мақаланың авторы. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Азаматтық құқық жөніндегі оқу құралын дайындаған авторлық ұжымның құрамында болған.
«Құрмет» орденімен, медальмен марапатталған.