«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Түркістан обысының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні шаңды дауылмен 25 м/с артады.
Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Павлодар облысының кей жерлерінде дауыл, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады.
Қостанай облысының кей жерлеріне түнде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, дауыл, 15-20 м/с жылдамдықтағы жел, бұршақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл болжанады, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с артады.
Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде қатты ыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық күтіледі.
Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болжанады.
Сондай-ақ Қызылорда, Түркістан облыстарында, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.