29 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 29 маусым күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

8.30-да «Rixos President Astana» қонақ үйінде Ұлттық нейрохирургия орталығының 15 жылдығына арналған Қазақстан нейрохирургтарының V Конгресінің салтанатты ашылуы өтеді.


9.00-де «EXPO» конгресс-орталығында «Amanat» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының алғашқы республикалық форумы өтеді. Форум жұмысына Мәжіліс пен мәслихаттардағы фракция мүшелері, партияның Саяси кеңесінің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері қатысады.

10.30-да «Magnum» гипермаркеті аумағында (Алаш тасжолы, 23/1) Құрбан айт мерекесіне орай халықтың әлеуметтік осал топтарына құрбандық ет және азық-түлік себеттері таратылады.


10.30-да ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектеріне салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өтеді.

11.00-де Астана қаласы коммуникациялар қызметінде «Қан доноры нені білуі керек?» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер: ҚР ДСМ «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК донор кадрларын жинақтау бөлімшесінің меңгерушісі Әйгерім Сағамбаева. Онлайн баспасөз конференциясы «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook-тегі facebook.com/rsk.astana01 және Instagram-дағы instagram.com/rsk.astana ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Әлеуметтік кодексте көзделген халықты әлеуметтік қолдау шараларын күшейту туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов; ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz


19.00-де Astana Opera театрында Джоаккино Россинидің «Алжирдегі италиялық қыз» атты екі актілі опера-буффасы қойылады.


19.00-де Жастар театрында «Таптым. Ғашық болдым. Жоғалттым» мюзиклі сахналанады.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Дүние–Ғапыл» метафизикалық драмасы ұсынылады.


19.30-да Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттің ұйымының «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры «РОЗА БАҒЛАНОВА» атты жүлделі мюзиклін қояды.