АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізіп келеді. Осы орайда, 2026 жылдың 29 наурызынан бастап «Air Astana» әуе компаниясы Алматы – Шанхай бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосады.
Рейстер аптасына 3 рет – сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.
Нәтижесінде Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 81-ден 84-ке дейін артады.
Рейстердің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтіліп отыр.
Осыған дейін қазақстандық рейстер Иран әуе кеңістігін пайдаланбайтынын жазған едік.
Абылайхан Жұмашев
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.