АСТАНА
Сағат 8:30-да ҚР СІМ Қазақстан-Моңғолия арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени ынтымақтастықты нығайту аясында үкіметаралық отырыс өтеді.
Сағат 10:00-де ҚР Парламент Сенатының отырысы болады.
Сағат 10:00-де «Жас Отан» жастар қанатының кезекті IV съезді аясында «Біз әлемді өзгертеміз» атты гала-форумы өтеді. Форумға Мемлекет басшысы қатысады.
Сағат 10:30-да «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында брифинг өтеді.
Сағат 12:00-де Сенатта халықарылық байланыс, қорғаныс және қауіпсіздік Комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді.
Сағат 12:20-да Орталық коммуникациялар орталығында «Қазақстандық қой етін Қытайға тасымалдау келісімі» атты тақырыпта баспасөз конференциясы өтеді.
Сағат 15:00-де Орталық коммуникациялар орталығында халықаралық әзіл фестивалінің басталуына байланысты баспасөз конференциясы өтеді.
Сағат 15:00-де Астанадағы Әділет департаментінде ҚР Әділет министрінің жауапты хатшысы Данияр Айтмұхановтың, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мен «Астана - адалдық алаңы» жобасының қатысуымен көшпелі отырыс өтеді.
Сағат 15:30-да Инвестициялар және даму министрлігінің медиа орталығында Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің, «Қазгеология» ҰГК» АҚ қызметін қорытындылауға арналған жиын өтеді.
Сағат 16:00-де Астана қаласының әкімдігі Наурыз мерекесі аясында «Рахани жаңғыру» бағдарламасы мен Астананың 20 жылдығына орай «Наурыз мейрамы - 2018» байқауының жеңімпаздарын марапаттайды.
АЛМАТЫ
Сағат 11:00-де The Ritz-Carlton қонақ үйінде Chocofamily жобасының таныстырылымы өтеді.
Сағат 15:00-де «Aspandau» клубы ғылым, білім, бизнес пен билік өкілдерін бір жерге жинап, қазақстандық қоғамның алдында тұрған мәселелерге шешім іздейді.
Сағат 17:00-де Қазақстан қор биржасының 25 жылдығына орай қаржыгерлердің қатысуымен KASE Talks дәрісі өтеді.
ПЕТРОПАВЛ
Сағат 11:00-де Ардагерлер ұйымының қалалық филиалы өткен жыл қорытындысын жасап, жыл жоспарын құрады.
Сағат 14:00-де бокс мектебінде жасөспірімдер арасында жекпе-жектен облыстық чемпионат басталады.
КӨКШЕТАУ
Щучинск қаласында биатлоннан Азия чемпионатының ашылуы рəсімі өтеді. Байрақты жарысқа Ресей, Қырғызстан Республикасы жəне еліміздің 10 облысынан келген 100-ден астам спортшы қатысады.
ОҚО
Сағат 14.30-да Бәсекеге қабілеттілікті арттыру және елімізде кәсіпкерлікке оңтайлы жағдайлар тудыру мақсатында «Атамекен» Ұлттық палатасының Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасында брифинг өтеді.
Сағат 15:00-де №3 кәсіби колледжде облыстағы барлық мектеп директорларымен кездесу өтеді. Брифингте бас баяндамашы болып ОҚО ТЖ департаментінің басшы құрамы сөз сөйлейді.
АҚТӨБЕ
Сағат 10.00-де «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының, Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен, Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Латынға көшу: Тәжірибе, проблемалар, оларды шешу жолдары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.